5 тәулік қатарынан алты бағытта 6 мобильді топқа бөлініп, құтқару жасақтары шатқалдарды әр метр сайын тексеруде, ал ондағы шатқалдардың саны 200-ге жуық және Өгем тау өзенінің жағасы бар, онда осыдан бір күн бұрын екі жас жігіттің денесін тапқан болатын. Құтқару жасақтары тауда түнеп келеді. Осы күндері олар мемлекеттік парктің 40 000 гектар жерін жаяу жүріп тінтіп, тексеріп шықты. Тікұшақ бүкіл Сайрам-Өгем паркін айналып өтті, яғни 149 000 гектар аумақты.
Бүгінде ауа-райының қолайсыздығына қарамастан, полиция, құтқарушылар, шекарашылар мен парк қызметкерлері жоғалған екі туристті тірі деп үміттеніп, бір минутқа да іздеуді тоқтатпай келеді.
ТО ПД-нің баспасөз қызметі.




