Рухани Астана – Түркістан қаласындағы барша түркі жұрты тәу ететін Қ.А.Яссауи кесенесінің бейнесін бәйдібектік оқушылар полицейлермен бірге үлкен көлемде асфальт бетіне түсірді. Тәртіп сақшыларының бастамасымен іске асқан шараның негізгі мақсаты – оқушылар бойында елге, жерге деген патриоттық сезімді арттырып, елжандылық қасиетін нығайту — деп хабарлайды 102info.kz ақпарат агенттігі Түркістан облысы полиция департаментіне сілтеме жасап.
Өз кезегінде балалар асфальт бетіне сурет салу кезінде ерекше әсер алғандарын жеткізді. Олар: «Бүгін бізге өте қызықты күн болды. Полицей ағаларымызбен бірге сурет салдық. Әдемі де әсем – Түркістан қаласын түрлі-түсті бояулармен бейнеледік. Осындай пайдалы іспен айналысуды үйретіп, бізге мерекелік көңіл-күй сыйлаған полицейлерге рақмет!»-деп шынайы сезімдерімен бөлісті.
ТО ПД-ның баспасөз қызметі




