2021 жылдың күні бүгінгі маусымның 29 жұлдызы таңғы сағат 8-дер шамасында, Шымкент қаласының Ғ.Иляева көшесіндегі жергілікті қала тұрғыны күнделікті жұмысына шықпақ болады. Өз меншігіндегі «Subaru» маркалы автокөлігіне келген сәтте, өз көлігінің артына қойып кеткен, нақты айтқанда жолға шығуға кедергі келтіріп тұрған «Opel vectra» маркалы автокөлігін байқап оның иесін тауып көлігін әрмен алдыртып тастауға тырысады, алайда ол көлікте ешқандай телефон номері жазылған қағазша немесе көлік сигнализациясы болмай шығады. 20 минуттай сигнал берумен әуреге түскен тұрғын, көлік иесін таба алмай ақыры 102 қызметіне жүгінеді. Хабарласқан сәттен ұзамай патрульдік қызмет көлігімен 2 полиция қызметкері келіп мән жайды анықтап, жұмыс планшеттерімен «Opel vectra» маркалы көліктің мемлекеттік номері арқылы иесі туралы ақпарат алып ұялы телефондарына хабарласқанымен де телефон тұтқасы алына қоймайды. Тұрғынның асығыс шарадағы жағдайын көре 2 полиция қызметкері басқаша әрекетке көшіп, тұрғынның «Subaru» маркалы автокөлігін аса ұқыптылықпен, екі көлік ортасынан бір-біріне көмек бере отырып еш сызатсыз алып шығып береді, және тұрғынды әбігерге салған «Opel vectra» маркалы көлігі иесіне ескерту берілетінін жеткізеді. Ақылмен атқарған жедел әрекеттеріне риза болған қала тұрғыны көмекке келген полиция аға лейтенанты Пернебаев Мақсат пен Утепов Асхат есімді полиция қызметкерлеріне өз алғысын білдіреді. Осындай жанашыр полиция қызметкерлері елімізде көп болғай.




