Сарыағаш АПБ-ның патрульдік полиция тобының инспекторы полиция аға лейтенанты Самат Исмайлов профилактикалық іс-шарасын жүргізу барысында белгісіз жас азаматтың көше бойында халықтың мазасын алып, шу шығарып жүргенін байқайды. Полицейлер бірден полицейлер күдік тудырған азаматтың жеке басын анықтау үшін жанына барды. Полиция қызметкерлері күдікті азаматтан жеке басын анықтайтын куәлігін сұрады. Сұрау барысында ол азаматтың мас халде екенін анықтады. Сондай-ақ тәртіп сақшылары күдіктіні тексеру кезінде оның шалбарының оң жақ қалтасынан есірткіге ұқсас затты тауып сараптамаға жіберді.
Сараптама нәтижесі бойынша алынған заттың 3 грамм «марихуана» екені белгілі болды. Аталған жайтты полиция қызметкерлері ҚР ҚК-нің 296-бабы 2-бөлігі «Есірткі, психотроптық заттармен, олардың аналогтарымен өткізу мақсатынсыз заңсыз жұмыс істеу» бойынша СДТБТ-ға тіркеді. Қазіргі уақытта сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде. Күдікті қолхатта — деп хабарлайды 102info.kz ақпарат агенттігі Түркістан облысы полиция департаментіне сілтеме жасап.
Түркістан облысының полицейлері есірткі заттарының заңсыз айналымы үшін қылмыстық жауапкершілік қарастырылғанын еске салады. Егер сізде есірткіні заңсыз сақтау және өткізу жайттары туралы қандай да бір ақпарат болса, дереу полицияға хабарласыңыз.
ТО ПД-нің баспасөз қызметі




