102info.kz
  • Жаңалықтар
  • Аймақ айшығы
  • Әріптес келбеті
  • Қоғам және заң
  • Түркістан облысы
  • Байланыс
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Аймақ айшығы
  • Әріптес келбеті
  • Қоғам және заң
  • Түркістан облысы
  • Байланыс
No Result
View All Result
102info.kz
No Result
View All Result
Home Түркістан облысы

Заңсыз құм-тас өндірудің 36 жайтын анықтады

28 мая, 2021
0
Заңсыз құм-тас өндірудің 36 жайтын анықтады

Облыс аумағында табиғат қорғау заңнамаларын бұзуды анықтау, алдын алу жұмыстарын жандандыру мақсатында арнайы мобильдік топтар қызмет етуде. Олар облыс аумағына іссапарларға шығып, мүдделі мекеме қызметкерлерімен бірлескен рейдтік шараларды ұйымдастыруда. Осындай жұмыстардың нәтижесінде Түркістан облысы Полиция департаменті Жергілікті полиция қызметі басқармасының табиғатты қорғау инпспекторлары жер қойнауын заңсыз пайдаланудың 36 жайтын анықтады. Аталған жайттар бойынша ҚР ӘҚБтК-нің 139-бабымен «Жер қойнауына мемлекеттiк меншiк құқығын бұзу» тиісті құжаттар жинақталып, заңды шара көрілу үшін Түркістан облыстық Экология департаментіне жолданған.
Полицейлермен осы жайттарға байланысты жұмыстарды жүргізу кезінде, айғақты зат ретінде 61 бірлік техника, оның ішінде 14 жүк арту техникасы және 47 жүк тасу көліктері алынды. Яғни заңды шешім қабылданғанша аталған техникалар айыптұраққа қойылды — деп хабарлайды 102info.kz ақпарат агенттігі Түркістан облысы полиция департаментіне сілтеме жасап.
Мәселен ағымдағы жыл басынан бастап саралайтын болсақ, бүгінгі күнге дейін Келес, Сарыағаш, Қазығұрт аудандарының өзінде заңсыз құм-тас өндірудің 11 дерегі анықталды. Сондай-ақ Кентау қаласының аумағында құм-тас қоспасын заңсыз қазудың 2 дерегі расталып, заңды шешім қабылдау үшін құжаттар тиісті орынға жолданған.
Жалпы жер қойнауына қатысты орын алған құқықбұзушылықтарға жасалған сараптама көрсеткендей, облыс аумағында негізінен Сайрам ауданы Ақсу өзені бойында, Кентау қаласы аумағы мен Қазығұрт, Сарыағаш, Келес аудандарының өзен бойынан құм-тас қоспасын заңсыз қазу деректері жиі орын алады. Сондықтан полицейлер тарапынан қазіргі таңда өзекті мәселелердің бірі болып отырған жер қойнауын заңсыз пайдалануды тоқтату мен болдырмау, заң бұзушылықтарды анықтау мақсатында, жедел алдын алу шаралары жүйелі түрде өткізіліп, іс-шаралар алдағы уақытта да ұйымдастырыла беретін болмақ.
Түркістан облысы табиғатты қорғау инспекторларының айтуынша, облыс аумағындағы кейбір жерлерде заңсыз құм-тас қоспасын өндіретін карьерлердің аздығынан және олардың қолжетімді бағада болмауынан жоғары сұранысқа ие болып, халық арасында заңсыз құм-тас өндіру деректері пайда болуда.
Десе де полиция қызметкерлері жер қойнауын заңсыз пайдаланғаны үшін жауапкершілік қарастырылғанын айтып, заңсыздыққа бармауға және жол бермеуге шақырады!

ТО ПД-нің баспасөз қызметі

ShareTweetPin
Next Post
Түркістанның полицейлеріне ерікті түрде 8 азамат қаруларын тапсырды

Түркістанның полицейлеріне ерікті түрде 8 азамат қаруларын тапсырды

Көшеде шу шығарған  жас жігіттен  марихуана тапты

Көшеде шу шығарған жас жігіттен марихуана тапты

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Online оқи жүріңіз!

Currently Playing

Ең көп қаралғаны

  • Түркістан қаласында 5 адамның өліміне қатысы бар екі ЖШС-ның директоры 4 жылға бас бостандықтарынан айырылды

    Түркістан қаласында 5 адамның өліміне қатысы бар екі ЖШС-ның директоры 4 жылға бас бостандықтарынан айырылды

    0 shares
    Share 0 Tweet 0
  • Түркістан облысының полицейлері екінші рет мас халде көлік басқарған жүргізушіні ұстады

    0 shares
    Share 0 Tweet 0
  • Полицейлер рейдтік шара кезінде кеурек өсімдігін қазған 51 шетелдікті анықтады

    0 shares
    Share 0 Tweet 0
  • Түркістан қаласында орнатылған бірқатар бейнебақылау камералары 1 наурыздан бастап іске қосылмақ

    0 shares
    Share 0 Tweet 0
  • Су қоймада жанжал көтерген азаматтан пышақ тәркіленіп алынды.

    0 shares
    Share 0 Tweet 0

Басылым жайлы

Меншік иесі: "ЖК Туганбаев Б."

Бас редактор: Базаркүл Ақынқызы


Мекенжай:

Шымкент қаласы,16 ықшам ауданы,20-үй,6-пәтер

e-mail:arnat20@mail.ru

Мұрағат

  • Февраль 2024
  • Июль 2023
  • Май 2023
  • Апрель 2023
  • Март 2023
  • Февраль 2023
  • Январь 2023
  • Декабрь 2022
  • Ноябрь 2022
  • Октябрь 2022
  • Сентябрь 2022
  • Август 2022
  • Июль 2022
  • Июнь 2022
  • Май 2022
  • Апрель 2022
  • Март 2022
  • Февраль 2022
  • Январь 2022
  • Декабрь 2021
  • Ноябрь 2021
  • Октябрь 2021
  • Сентябрь 2021
  • Август 2021
  • Июль 2021
  • Июнь 2021
  • Май 2021
  • Апрель 2021
  • Март 2021
  • Февраль 2021
  • Январь 2021
  • Декабрь 2020
  • Ноябрь 2020
  • Октябрь 2020
  • Сентябрь 2020
  • Май 2020
  • Апрель 2020

Біз әлеуметтік желіде

No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Аймақ айшығы
  • Әріптес келбеті
  • Қоғам және заң
  • Түркістан облысы

© 2020 102 құқықтық, ақпараттық-танымдық басылым