Шардара ауданында “Түркістан менің жүрегімде” атты іс-шара өтті. 1-маусым — Балаларды қорғау күніне орай ұйымдастырылған шарада балалар асфальт бетіне Түркістан қаласының көрікті жерлерін бейнеледі. Қ.А.Ясауи кесенесін, қала көшелерін, сәулетті нысандардың суретін салып, түрленген Түркістанның әсемдігін көпшілік назарына ұсынды.
Іс-шараға Шардара АПБ ЖПҚБ ЮПТ инспекторлары Айдана Наханшақызы, Азамат Мамыров, Ләззат Тілегенова әділ-қазылық етіп, үздіктерді анықтады. Нәтижесінде бірінші орынды Ұлсерік Туханбай жеңіп алса, екінші орынды Гүлдана Қуандық иеленді. Ал, үшінші орын Аяулым Исабайға бұйырды. Сондай-ақ, Маржан Ташкенбай “Талантты суретші”, Алишер Низамеддинов “Шебер суретші” номинацияларына ие болды.
Сайыс соңында жеткіншектер Түркістан қаласы туралы тақпақтар айтып, өз өнерлерін көрсетті — деп хабарлайды 102info.kz ақпарат агенттігі Түркістан облысы полиция департаментіне сілтеме жасап.
ТО ПД-нің баспасөз қызметі




