Шымкент қаласының аумағында балық уылдырық шашатын кезеңде браконьерліктің жолын кесу мақсатында 9-сәуір мен 31-мамыр аралығында «Уылдырық-2021» республикалық жедел-профилактикалық іс-шарасы өткізілуде.
Іс-шараның мақсаты — заңсыз балық аулау жəне оның айналымын, сондай-ақ балық өнімдерін анықтау жəне жолын кесуге бағытталған. Шымкент қаласы Полиция департаменті Жергілікті полиция қызметі басқармасы Табиғатты қорғау тобының қызметкерлерімен Бадам су қоймасында заңсыз балық аулаудың 3 жайты анықталды. Аталған жайт бойынша анықталған 3 тұлғаға қатысты ҚР ӘҚБтК-нің 383 бабының 1 бөлігімен әкімшілік жауапкершілікке тартылды.
Тәртіп сақшылар заңсыз балық аулау жайтын анықтаған жағдайда әкімшілік жауапкершілікке тартылатынын ескертеді.
Шымкент қаласы Полиция департаментінің Баспасөз қызметі




