102info.kz
  • Жаңалықтар
  • Аймақ айшығы
  • Әріптес келбеті
  • Қоғам және заң
  • Түркістан облысы
  • Байланыс
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Аймақ айшығы
  • Әріптес келбеті
  • Қоғам және заң
  • Түркістан облысы
  • Байланыс
No Result
View All Result
102info.kz
No Result
View All Result
Home Түркістан облысы

Туысының телефонын үптеп кеткен ұры ұсталды

27 мая, 2021
0
Туысының телефонын үптеп кеткен ұры ұсталды

Сайрам аудандық полиция басқармасына жергілікті тұрғын арызданып, оның үйінің асханасында тұрған «ОРРО А5» маркалы ұялы телефонын белгісіз біреу жымқырып кеткенін жеткізді. Ер адамға келтірілген шығын көлемі 90 000 теңгені құрады. Аталған дерек ҚР ҚК-нің 188-бабы «Ұрлық» бойынша тіркеуге алынды.
Өзге біреудің үйіне заңсыз кіріп, онымен қоймай ұрлық жасаған кінәліні анықтап, қылмысты ашу мақсатында сайрамдық сақшылар кәсіби шеберліктерін салып, жүйелі жұмыстар атқарды. Көрген-білгендерден сұрастырды, жақын аумақтарды аралап шықты. Осылайша полицейлердің қырағылығының арқасында ұры «ізін суытпай» ұсталды. Ол жергілікті тұрғын әрі жәбірленушінің бұрын сотты болған туысы болып шықты.
Белгілі болғандай, күдікті жәбірленушімен бір аулада тұрады. Осыны пайдаланған ол жәбірленушінің үйіне кіріп, ешкім жоқтығын және асханада қараусыз тұрған телефонды көріп, арам ойы пайда болған. Содан рұқсатсыз туысының ұялы телефонын алып, оны өзге біреуге 20 000 теңгеге сатып үлгерген. Полицейлер ұрланған телефонды айғақты зат ретінде алып, заңды иесіне қайтарды. Күдіктінің бас шарасы «қолхатта» — деп хабарлайды 102info.kz ақпарат агенттігі Түркістан облысы полиция департаментіне сілтеме жасап.
Түркістан облысының полицейлері азаматтарға бағалы заттарыңызбен ұялы телефондарыңызға, әмияндарыңызға сақ болыңыздар деп ескертеді. Қалта ұрыларының көзіне түспес үшін бағалы заттарыңызды қараусыз қалдырмай, мүмкіндігінше аузы жабық сөмкеде, ішкі қалталарда сақтап қойыңыздар деп кеңес береді. Сондықтан жеке мүлікке мұқият болыңыздар.

ТО ПД-ның баспасөз қызметі

ShareTweetPin
Next Post
Түркістан менің жүрегімде

Түркістан менің жүрегімде

Кентауда алаяқ 4,5 миллион теңгеге тұрғындарды алдап кеткен

Шымкент қаласы Полиция департаменті Көші-қон қызметі басқармасы ескертеді

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Online оқи жүріңіз!

Currently Playing

Ең көп қаралғаны

  • Түркістан қаласында 5 адамның өліміне қатысы бар екі ЖШС-ның директоры 4 жылға бас бостандықтарынан айырылды

    Түркістан қаласында 5 адамның өліміне қатысы бар екі ЖШС-ның директоры 4 жылға бас бостандықтарынан айырылды

    0 shares
    Share 0 Tweet 0
  • Түркістан облысының полицейлері екінші рет мас халде көлік басқарған жүргізушіні ұстады

    0 shares
    Share 0 Tweet 0
  • Полицейлер рейдтік шара кезінде кеурек өсімдігін қазған 51 шетелдікті анықтады

    0 shares
    Share 0 Tweet 0
  • Түркістан қаласында орнатылған бірқатар бейнебақылау камералары 1 наурыздан бастап іске қосылмақ

    0 shares
    Share 0 Tweet 0
  • Су қоймада жанжал көтерген азаматтан пышақ тәркіленіп алынды.

    0 shares
    Share 0 Tweet 0

Басылым жайлы

Меншік иесі: "ЖК Туганбаев Б."

Бас редактор: Базаркүл Ақынқызы


Мекенжай:

Шымкент қаласы,16 ықшам ауданы,20-үй,6-пәтер

e-mail:arnat20@mail.ru

Мұрағат

  • Февраль 2024
  • Июль 2023
  • Май 2023
  • Апрель 2023
  • Март 2023
  • Февраль 2023
  • Январь 2023
  • Декабрь 2022
  • Ноябрь 2022
  • Октябрь 2022
  • Сентябрь 2022
  • Август 2022
  • Июль 2022
  • Июнь 2022
  • Май 2022
  • Апрель 2022
  • Март 2022
  • Февраль 2022
  • Январь 2022
  • Декабрь 2021
  • Ноябрь 2021
  • Октябрь 2021
  • Сентябрь 2021
  • Август 2021
  • Июль 2021
  • Июнь 2021
  • Май 2021
  • Апрель 2021
  • Март 2021
  • Февраль 2021
  • Январь 2021
  • Декабрь 2020
  • Ноябрь 2020
  • Октябрь 2020
  • Сентябрь 2020
  • Май 2020
  • Апрель 2020

Біз әлеуметтік желіде

No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Аймақ айшығы
  • Әріптес келбеті
  • Қоғам және заң
  • Түркістан облысы

© 2020 102 құқықтық, ақпараттық-танымдық басылым