Түркістан облысының полицейлері есірткі қылмысына қарсы күресті тұрақты түрде жүргізіп келеді. Яғни полицейлер тарапынан есірткі қылмысының алдын алу мен болдырмау жұмыстары күн тәртібінен түскен емес.
Отырар АПБ қызметкерлері есірткіге ұқсас затты пайдаланған екі азаматты ұстады. Ауданға жақын ауылдың тұрғындары Ресей Федерациясында тіркелген «Ваз 2017» маркалы көліктің ішінде есірткі бұйымына ұқсас затты пайдаланған. Сондай-ақ олардың біреуінің спорттық сырт киімінің қалтасынан ақ түсті қағазға оралған ұнтақ зат дәлелдеме ретінде алынды.
Аталған оқиға ҚР Қылмыстық кодексінің 296-бабы «Есірткі, психотроптық заттармен, сол тектестермен өткізу мақсатынсыз заңсыз жұмыс істеу» бойынша сотқа дейінгі тергеп тексерудің бірыңғай тізіліміне енгізіліп, тіркеуге алынды.
Ал дәлелдеме ретінде алынған есірткі тектес ұнтақ зат сараптама қорытындысына сәйкес 5 грамм кептірілген марихуана болып шықты — деп хабарлайды 102info.kz ақпарат агенттігі Түркістан облысы полиция департаментіне сілтеме жасап.
Қазіргі уақытта күдіктілердің бас шарасы қолхатта. Тергеу барысында оқиғаның толыққанды мән-жайы анықталатын болады.
Облыс тұрғындарына ескертеміз, есірткі атаулыға мүлде жоламаңыздар! Өз саулықтарыңыз үшін салауатты өмір салтын қалыптастырып, жаман әдеттерден аулақ болыңыздар.
ТО ПД-ның баспасөз қызметі




