ҚР ІІМ-нің тұрмыстық зорлық-зомбылықтың алдын алу және жолын кесу отбасының рөлін нығайту мақсатында «Отбасындағы зорлық-зомбылыққа жол жоқ!» республикалық акциясы Түркістан ҚПБ қызметкерлерімен өткізілді. Яғни тұрғындардың құқықтық сауаттылығын арттыруға полицейлер тарапынан көптеп көңіл бөлінді.
Акция аясында Түркістан қалалық полиция басқармасына қарасты әйелдерді зорлық-зомбылықтан қорғау тобының инспекторлары тұрғындарға 100-ге жуық арнайы түсіндірме қағаздарын таратты — деп хабарлайды 102info.kz ақпарат агенттігі Түркістан облысы полиция департаментіне сілтеме жасап.
Жалпы қала бойынша акция аясында біршама отбасының жай-күйі тексеріліп, түсіндірме жұмыстары жүргізілді. Жалпы полицейлер әрдайым мұқтаж жандар мен көпбалалы отбасылардың мәселелерін баса назарда ұстап отырады.
Сондай-ақ Түркістан ҚПБ полицейлері атап өткендей, мұндай акциялар алдағы уақытта да өз жалғасын табатын болады. Отбасылық-тұрмыстық жанжалдар туындаған жағдайда тәртіп сақшылары азаматтарға полицияның «102» телефонына хабарласуды ұсынады.
Тәртіп сақшылары қоғамдағы әйелдерге қатысты зорлық-зомбылық жасамауға, ауыр қылмыстарға бейімділік танытпауға, отбасындағы туындаған кикілжіңдерге түсіністікпен қарап, ажырасуға, зорлық-зомбылыққа дейін жеткізетін мәжбүрлікке бармауға кеңес береді.
ТО ПД баспасөз қызметі




