102info.kz
  • Жаңалықтар
  • Аймақ айшығы
  • Әріптес келбеті
  • Қоғам және заң
  • Түркістан облысы
  • Байланыс
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Аймақ айшығы
  • Әріптес келбеті
  • Қоғам және заң
  • Түркістан облысы
  • Байланыс
No Result
View All Result
102info.kz
No Result
View All Result
Home Түркістан облысы

Дүкендерге ұрлыққа түскен 2 шымкенттік жас жігітті ұстады

21 мая, 2021
0
Дүкендерге ұрлыққа түскен 2 шымкенттік жас жігітті ұстады

Ордабасы аудандық полиция бөліміне кәсіпкерлікпен айналысатын жергілікті тұрғын арызданады. Жәбірленуші әйелдің айтуынша, оның үйінің жанынан ашылған дүкеніне белгісіз біреулер ұрлыққа түсіп, 55 000 теңге ақшасы, темекі мен шоколадтарын жымқырып кеткен. Келтірілген шығын көлемі 200 000 теңгеден асады. Аталған жайт ҚР ҚК-нің 188-бабы «Ұрлық» бойынша тіркеуге алынды.
Ордабасылық полицейлер ұрыны ұстауға шұғыл кірісіп, жедел-іздестіру шараларын жүргізді. Көрген-білгендерден сұрастырды. Кәсіби шеберлігі мен қырағылығы арқасында полицейлер қылмысқа күдіктілердің ізіне шықты. Содан күні-түні жүйелі жүргізілген жұмыс нәтижесінде жеңіл жолмен ақша таппақ болған шымкенттік екі жас жігіт ұсталды. Қала көшелерінің бірінен ұсталған күдіктілер, АПБ-ға жеткізілді.
Тергеу күдікті екі достың оңай жолмен ақша табу мақсатында арнайы Шымкенттен Ордабасыға келіп, түнгі уақытта дүкеннің есігін бұзу арқылы кіргенін анықтады. Және тағы 1 дүкен ұрлығын жасағаны белгілі болды. Мұнда жәбірленушіге 100 000 теңгеге жуық залал келтірген. Қазіргі таңда күдіктілердің бұдан басқа да ұрлықтарға қатыстылығы айқындалуда. Бас шарасы «қолхатта». Сотқа дейінгі тергеу жұмыстары жүргізілуде — деп хабарлайды 102info.kz ақпарат агенттігі Түркістан облысы полиция департаментіне сілтеме жасап.
Түркістан облысы полицейлері азаматтарға қылмыстық қолсұғушылықтан қорғанып, өз мүлкіне ұқыпты болуын ескертеді. Әсіресе, сауда орындарының қауіпсіздігі мен күзетіне ерекше мән беріп, дүкендерге мықты есік, терезелерге темір тор орнатып, ғимаратты бейнекамералар және дабыл жүйесімен қамтамасыз етуді сұрайды. Егер де, сіз, ұрлық немесе тонаудың құрбаны немесе куәгері болсаңыз, онда тез арада полицияның «102» телефонына хабарласыңыздар.

ТО ПД-ның баспасөз қызметі

ShareTweetPin
Next Post
Егістікке есірткі еккен тұрғынды ұстады

Егістікке есірткі еккен тұрғынды ұстады

Велосипед  пен самаурын ұрлаған күдіктіні ұстады

Велосипед пен самаурын ұрлаған күдіктіні ұстады

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Online оқи жүріңіз!

Currently Playing

Ең көп қаралғаны

  • Түркістан қаласында 5 адамның өліміне қатысы бар екі ЖШС-ның директоры 4 жылға бас бостандықтарынан айырылды

    Түркістан қаласында 5 адамның өліміне қатысы бар екі ЖШС-ның директоры 4 жылға бас бостандықтарынан айырылды

    0 shares
    Share 0 Tweet 0
  • Түркістан облысының полицейлері екінші рет мас халде көлік басқарған жүргізушіні ұстады

    0 shares
    Share 0 Tweet 0
  • Полицейлер рейдтік шара кезінде кеурек өсімдігін қазған 51 шетелдікті анықтады

    0 shares
    Share 0 Tweet 0
  • Түркістан қаласында орнатылған бірқатар бейнебақылау камералары 1 наурыздан бастап іске қосылмақ

    0 shares
    Share 0 Tweet 0
  • Су қоймада жанжал көтерген азаматтан пышақ тәркіленіп алынды.

    0 shares
    Share 0 Tweet 0

Басылым жайлы

Меншік иесі: "ЖК Туганбаев Б."

Бас редактор: Базаркүл Ақынқызы


Мекенжай:

Шымкент қаласы,16 ықшам ауданы,20-үй,6-пәтер

e-mail:arnat20@mail.ru

Мұрағат

  • Февраль 2024
  • Июль 2023
  • Май 2023
  • Апрель 2023
  • Март 2023
  • Февраль 2023
  • Январь 2023
  • Декабрь 2022
  • Ноябрь 2022
  • Октябрь 2022
  • Сентябрь 2022
  • Август 2022
  • Июль 2022
  • Июнь 2022
  • Май 2022
  • Апрель 2022
  • Март 2022
  • Февраль 2022
  • Январь 2022
  • Декабрь 2021
  • Ноябрь 2021
  • Октябрь 2021
  • Сентябрь 2021
  • Август 2021
  • Июль 2021
  • Июнь 2021
  • Май 2021
  • Апрель 2021
  • Март 2021
  • Февраль 2021
  • Январь 2021
  • Декабрь 2020
  • Ноябрь 2020
  • Октябрь 2020
  • Сентябрь 2020
  • Май 2020
  • Апрель 2020

Біз әлеуметтік желіде

No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Аймақ айшығы
  • Әріптес келбеті
  • Қоғам және заң
  • Түркістан облысы

© 2020 102 құқықтық, ақпараттық-танымдық басылым