102info.kz
  • Жаңалықтар
  • Аймақ айшығы
  • Әріптес келбеті
  • Қоғам және заң
  • Түркістан облысы
  • Байланыс
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Аймақ айшығы
  • Әріптес келбеті
  • Қоғам және заң
  • Түркістан облысы
  • Байланыс
No Result
View All Result
102info.kz
No Result
View All Result
Home Түркістан облысы

Түркістан облысында ер азамат 10 жылға көлік құралын жүргізу құқығынан айырылды

21 мая, 2021
0
Түркістан облысында ер азамат 10 жылға көлік құралын жүргізу құқығынан айырылды

Өткен жылдың соңында Түлкібас аудандық полиция бөліміне жол апаты орын алғаны жайлы шұғыл хабарлама жетеді. Оқиға орнына шыққан тәжірибелі тәртіп сақшылары аталған жайтты ҚР ҚК-нің 345-бабы «Көлiк құралдарын басқаратын адамдардың жол жүрісі немесе көлiк құралдарын пайдалану қағидаларын бұзуы» бойынша тіркеп, тексеру жұмыстарын бастап кетеді.
Яғни белгілі болғандай Алматы-Ташкент-Термез тас жолында Түлкібас ауданының тұрғыны өзінің басқаруындағы «Лада 21144» көлігімен келе жатып, жол ережесін бұзып, «Тойота Каролла» көлігімен соқтығысқан.
Жол-көлік оқиғасының салдарынан «Лада 21144» көлігіндегі 3 жолаушының бірі қайтыс болған. Ал «Тойота Каролла» автокөлігіндегі 3 адамға ешқандай зиян келмеген. Алайда екі автокөлікке де материалдық шығын келген.
Бірден тиянақты тексеру жұмыстарын жүргізген полицейлер жол апатына кінәлі «Лада» көлігінің жүргізушісін медициналық куәландырудан өткізді. Оның қорытындысы бойынша ер азамат орта дәрежелі алкогольдік мас күйде болғаны анықталды. Бастапқыда «Лада» көлігінің жүргізушісі жасаған іс-әрекетінен жалтарған. Десе де Түлкібас АПБ анықтаушысы полиция аға лейтенанты Әжібек Андас оқиғаға байланысты 3 ай бойы жинаған айғақты заттар мен дәйектердің арқасында күдікті ақыры өз кінәсін мойындады.
Осылайша сотқа дейінгі жинақталған тергеу материалдарын тәжірибелі анықтаушы тиісті шешім қабылдау үшін сотқа жолдады. Нәтижесінде сот шешімімен «Лада» көлігінің жүргізушісі Түлкібас ауданының 53 жастағы тұрғыны ҚР Қылмыстық кодексінің 345-бабында көзделген қылмыстық құқық бұзушылықты жасағаны үшін кінәлі деп танылып, 10 жыл мерзімге көлік басқару құқығынан және 3 жыл 6 айға бас бостандығынан айырылды — деп хабарлайды 102info.kz ақпарат агенттігі Түркістан облысы полиция департаментіне сілтеме жасап.
Өз кезегінде, Түркістан облысының полицейлері жүргізушілер мен жаяу жүргіншілерді жол қозғалысы ережелерін қатаң сақтауға шақырады. Автокөлікке мас халде отырмаңыз, бұның соңы жазатайым оқиғалар мен өлімге әкеп соқтыруы мүмкін. Қашықтықты және маневр жасау ережелерін сақтау, жылдамдықты асырмау және қарсы жолаққа шықпау қажет. Жүргізушілер, үнемі жол қауіпсіздігі ережесін орындаса, тәртіпке бағынса, өз өмірі мен жолаушылардың өмірін сақтайтынын естен шығармағаны жөн.

ТО ПД-нің баспасөз қызметі

ShareTweetPin
Next Post
«Есірткі пайдаланды» деген күдікпен екі азамат ұсталды

«Есірткі пайдаланды» деген күдікпен екі азамат ұсталды

Акция барысында 100-ге жуық түсіндірме қағаздары таратылды

Акция барысында 100-ге жуық түсіндірме қағаздары таратылды

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Online оқи жүріңіз!

Currently Playing

Ең көп қаралғаны

  • Түркістан қаласында 5 адамның өліміне қатысы бар екі ЖШС-ның директоры 4 жылға бас бостандықтарынан айырылды

    Түркістан қаласында 5 адамның өліміне қатысы бар екі ЖШС-ның директоры 4 жылға бас бостандықтарынан айырылды

    0 shares
    Share 0 Tweet 0
  • Түркістан облысының полицейлері екінші рет мас халде көлік басқарған жүргізушіні ұстады

    0 shares
    Share 0 Tweet 0
  • Полицейлер рейдтік шара кезінде кеурек өсімдігін қазған 51 шетелдікті анықтады

    0 shares
    Share 0 Tweet 0
  • Түркістан қаласында орнатылған бірқатар бейнебақылау камералары 1 наурыздан бастап іске қосылмақ

    0 shares
    Share 0 Tweet 0
  • Су қоймада жанжал көтерген азаматтан пышақ тәркіленіп алынды.

    0 shares
    Share 0 Tweet 0

Басылым жайлы

Меншік иесі: "ЖК Туганбаев Б."

Бас редактор: Базаркүл Ақынқызы


Мекенжай:

Шымкент қаласы,16 ықшам ауданы,20-үй,6-пәтер

e-mail:arnat20@mail.ru

Мұрағат

  • Февраль 2024
  • Июль 2023
  • Май 2023
  • Апрель 2023
  • Март 2023
  • Февраль 2023
  • Январь 2023
  • Декабрь 2022
  • Ноябрь 2022
  • Октябрь 2022
  • Сентябрь 2022
  • Август 2022
  • Июль 2022
  • Июнь 2022
  • Май 2022
  • Апрель 2022
  • Март 2022
  • Февраль 2022
  • Январь 2022
  • Декабрь 2021
  • Ноябрь 2021
  • Октябрь 2021
  • Сентябрь 2021
  • Август 2021
  • Июль 2021
  • Июнь 2021
  • Май 2021
  • Апрель 2021
  • Март 2021
  • Февраль 2021
  • Январь 2021
  • Декабрь 2020
  • Ноябрь 2020
  • Октябрь 2020
  • Сентябрь 2020
  • Май 2020
  • Апрель 2020

Біз әлеуметтік желіде

No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Аймақ айшығы
  • Әріптес келбеті
  • Қоғам және заң
  • Түркістан облысы

© 2020 102 құқықтық, ақпараттық-танымдық басылым