Ордабасы АПБ бастығы полиция подполковнигі Ғалымжан Қуашбаев орынбасарларымен бірге Ұлы Жеңістің 76 жылдығы қарсаңында биыл 97 жасқа аяқ басқан Қалмен Мұратоватамызды мерекемен құттықтап қайтты. Сонымен қатар тәртіп сақшылары ардақты ардагерге алғыстарын жеткізу мақсатында иығына шапан жауып, ақшалай сыйлықтар мен автокөлік табыс етті. Қалмен атамыздың ел үшін еткен еңбегі бүгінгі таңда жас ұрпаққа үлгі болып отыр.
Сондай-ақ Ордабасы АПБ-ның жас мамандарынан құралған бір топ қызметкерлері «Даңқ» мемориал кешеніндеболып, ардагерлер жайында бар мәліметтермен танысты. Мереке қарсаңында құрмет көрсету үшін келген аталардың әңгімелерін тыңдап, бойларына күш-қуат жинады.
«Қариясы бар үйдің, қазынасы бар» демекші әр шаңырақ қазыналы болғай. Мереке құтты болсын!
ТО ПД-ның баспасөз қызметі




