Мақтаарал АПБ-ның қызметкерлері жеке құрамның жоғары моральдық-психологиялық жағдайын қолдау, бекем құқық тәртібін нығайту, жеке құрамның бойында Отанға адал қызмет етуге бағытталған құндылықтар жүйесін құру мақсатында ұдайы негізде кешенді іс-шаралар жүргізіліп отырады.
Мақтаарал АПБ-ның қызметкерлері полиция қатарын өз елінің нағыз патриоты адал офицерлермен жасақтау мақсатында, Мақтаарал ауданы Мырзакент кенті С.Рахимов атындағы ЖОМ жоғарғы сынып оқушыларымен кездесіп қайтты. Өскелең жас ұрпақты «Мәңгілік Ел» жалпыұлттық идеясы рухында әскери-патриоттық тәрбиелеуге бағытталған ҚР ІІМ Б.Бейсенов атындағы Қарағанды заң академиясы жоғары білім беру бағдарламалары «құқық қорғау қызметі» мамандығы бойынша күндізгі оқу нысаны, мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандартына сәйкес тергеу және анықтау: криминалистика мамандығына шақыру жұмыстары жүргізілді. Кездесу барысында ҚР ІІМ оқуға түсу тәртібі мен қойылатын шарттарын, жеңілдіктер берілетіні бейнебаян арқылы да жеткізілді — деп хабарлайды 102info.kz ақпарат агенттігі Түркістан облысы полиция департаментіне сілтеме жасап.
Іс-шараға ҚР ІІМ Б.Бейсенов атындағы Қарағанды заң академиясының 4-курс курсанты Мақтаарал АПБ АБ анықтаушысы полиция сержанты Шайдаров Мақсат Мәділханұлы арнай шақыртылған. Мақсат Мәділханұлы академияның ерекшеліктерін айтып, қызықты сәттерімен бөлісті.
ТО ПД-ның баспасөз қызметі




