102info.kz
  • Жаңалықтар
  • Аймақ айшығы
  • Әріптес келбеті
  • Қоғам және заң
  • Түркістан облысы
  • Байланыс
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Аймақ айшығы
  • Әріптес келбеті
  • Қоғам және заң
  • Түркістан облысы
  • Байланыс
No Result
View All Result
102info.kz
No Result
View All Result
Home Түркістан облысы

Жайылымнан мал ұрлағандарды қылмыс үстінде ұстады

27 апреля, 2021
0
Жайылымнан мал ұрлағандарды қылмыс үстінде ұстады

Кентау қалалық полиция бөліміне екі жергілікті тұрғын арызданып, олардың жайылымда жүрген 6 бас сиырларын белгісіз біреулер ұрлап кеткенін жеткізеді. Жәбірленушілерге келтірілген шығын көлемі 1,6 миллион теңгені құрады. Аталған жайт ҚР ҚК-нің 188-1-бабы «Мал ұрлығы» бойынша тіркеуге алынды.
Ақпарат алысымен мал ұрыларын ұстау мақсатында жедел-тергеу тобы оқиға орнына шықты. Куәгерлерден жауап алып, іздестіру жұмыстарын жүргізді. Осындай жедел әрекеттің нәтижесінде, полицейлер күдіктілердің ізіне түсіп ұстады. Қалалық полиция бөліміне жеткізілген екеу, Түркістан қаласының тұрғындары болып шықты.
Тергеу барысында анықталғандай, күдіктілер күндізгі уақытта жайылымда қараусыз жүрген ірі-қара малдарды айдап әкетіп, шамамен 10 шақырым қашықтықтағы ескі қораға қамап кеткен. Содан қараңғы түскесін оңай жолмен келген олжаларын көлікпен артып әкетпек болғанда, ойлары іске аспай қалады. Қырағы полицейлер ұрыларды құрықтап, айғақты зат ретінде ұрланған сиырларды тәркіледі. Төрт түлікті заңды иелеріне қайтарып берді.
Одан бөлек, тергеу кезінде күдіктілердің 2019 жылы жасалған 3 жайт мал ұрлығына қатысы бары анықталды. Ол кезде мал ұрылары басқа тағы үш сыбайласымен бірге 9 сиыр мен 1 бас жылқыны жымқырғаны белгілі болды. Жәбірленушілерге келтірілген шығын көлемі 2 миллион теңгеге жуық болған. Ұрланған малдарды сатып, ақшаларын өз қажеттіліктеріне жұмсаған.
Бүгінде полицейлермен барлығы 4 күдікті ұсталды, бесінші күдіктіні ұстау шаралары жүргізілуде. Күдіктілердің барлығы Түркістан облысының тұрғындары болып шықты. Қазіргі таңда сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде — деп хабарлайды 102info.kz ақпарат агенттігі Түркістан облысы полиция департаментіне сілтеме жасап.
Түркістан облысының полицейлері азаматтарға малдарын қараусыз қалдырмауды ескертеді. Бақташы жалдап, қора-жайларды мықтап бекітуге кеңес береді.

ТО ПД-ның баспасөз қызметі

ShareTweetPin
Next Post
Түркістан облысының полицейлері оқушылармен кездесіп қайтты

Түркістан облысының полицейлері оқушылармен кездесіп қайтты

Түркістан облысының полицейлері  көше бойында жатып қалған 85 жастағы қартты тауып, отбасына қайтарды

Түркістан облысының полицейлері көше бойында жатып қалған 85 жастағы қартты тауып, отбасына қайтарды

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Online оқи жүріңіз!

Currently Playing

Ең көп қаралғаны

  • Түркістан қаласында 5 адамның өліміне қатысы бар екі ЖШС-ның директоры 4 жылға бас бостандықтарынан айырылды

    Түркістан қаласында 5 адамның өліміне қатысы бар екі ЖШС-ның директоры 4 жылға бас бостандықтарынан айырылды

    0 shares
    Share 0 Tweet 0
  • Түркістан облысының полицейлері екінші рет мас халде көлік басқарған жүргізушіні ұстады

    0 shares
    Share 0 Tweet 0
  • Полицейлер рейдтік шара кезінде кеурек өсімдігін қазған 51 шетелдікті анықтады

    0 shares
    Share 0 Tweet 0
  • Түркістан қаласында орнатылған бірқатар бейнебақылау камералары 1 наурыздан бастап іске қосылмақ

    0 shares
    Share 0 Tweet 0
  • Су қоймада жанжал көтерген азаматтан пышақ тәркіленіп алынды.

    0 shares
    Share 0 Tweet 0

Басылым жайлы

Меншік иесі: "ЖК Туганбаев Б."

Бас редактор: Базаркүл Ақынқызы


Мекенжай:

Шымкент қаласы,16 ықшам ауданы,20-үй,6-пәтер

e-mail:arnat20@mail.ru

Мұрағат

  • Февраль 2024
  • Июль 2023
  • Май 2023
  • Апрель 2023
  • Март 2023
  • Февраль 2023
  • Январь 2023
  • Декабрь 2022
  • Ноябрь 2022
  • Октябрь 2022
  • Сентябрь 2022
  • Август 2022
  • Июль 2022
  • Июнь 2022
  • Май 2022
  • Апрель 2022
  • Март 2022
  • Февраль 2022
  • Январь 2022
  • Декабрь 2021
  • Ноябрь 2021
  • Октябрь 2021
  • Сентябрь 2021
  • Август 2021
  • Июль 2021
  • Июнь 2021
  • Май 2021
  • Апрель 2021
  • Март 2021
  • Февраль 2021
  • Январь 2021
  • Декабрь 2020
  • Ноябрь 2020
  • Октябрь 2020
  • Сентябрь 2020
  • Май 2020
  • Апрель 2020

Біз әлеуметтік желіде

No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Аймақ айшығы
  • Әріптес келбеті
  • Қоғам және заң
  • Түркістан облысы

© 2020 102 құқықтық, ақпараттық-танымдық басылым