Сарыағаш аудандық полиция бөлімінің жергілікті полиция қызметінің табиғатты қорғау тобының инспекторы полиция капитаны Бексұлтан Кеңесов рейд жүргізу барысында, Келес өзенінің бойынан Камаз маркалы жүк көлікке құм-тас қоспасын «Шағал» артып бара жатқанын анықтады. Содан тәртіп сақшылары тексеру барысында, жүргізуші көлігіне заңсыз тас артып алғаны анықталды — деп хабарлайды 102info.kz ақпарат агенттігі Түркістан облысы полиция департаментіне сілтеме жасап.
Аталған жайтты полицейлер тіркеді. Қазақстан Республикасының ҚПК-нің 181-бабы 5-бөлігі «Қылмыстық құқық бұзушылық белгілерін көрсететін жеткілікті деректер болмаған кезде қылмыстық құқық бұзушылық фактілерін анықтау үшін уәкілетті органдардың ревизиялар мен тексерулер жүргізуін талап ететін арыздар мен хабарлар сотқа дейінгі тергеп-тексерулердің бірыңғай тізіліміне тіркелместен, уәкілетті мемлекеттік органдарға қарау үшін жіберіледі» сай шешім қабылдау үшін Түркістан облысы бойынша Экология департаментіне жолданған.
Өз кезегінде Түркістан облысының полицейлері тұрғындарды табиғатты қорғауға шақырады. Сондай-ақ табиғатқа зиян келтіру жауапкершілікке тартылатынын ескертеміз. Егер, сіз, табиғатқа қайшы келетін оқиғалардың куәгері болсаңыз, тез арада полицейлердің 102 нөмірі арқылы хабарласыңыздар.
ТО ПД-ның баспасөз қызметі




