Бәйдібек АПБ-ның полиция қызметкерлері өткізген жедел-іздестіру іс-шаралары аясында, бірнеше мал ұрлығы қылмыстарына қатысы бар деген күдікпен халықаралық іздеуде жүрген қылмыскерді құрықтады.
Осылайша, 2020 жылдың қыс айларында полиция бөліміне Бәйдібек ауданының тұрғынынан мал қорасына ұрлыққа түскені туралы хабарлама келіп түседі. Күдіктілер жәбірленушінің ауласында орналасқан қорасына кіріп, 650 000 теңге тұратын ірі қара малдарын жымқырған. Аталмыш жайт ҚР ҚК-нің 188-1-бабы «Мал ұрлығы» бойынша СДТБТ-ға тіркеуге алынды.
Сол жылы жедел-іздестіру шараларының нәтижесінде полицейлер қашып жүрген 3 күдіктіні ұстап, қамауға алды. Ал үш ай бойы іздеуде жүрген төртінші күдікті Ресей Федерациясында жасырынып жүрген — деп хабарлайды 102info.kz ақпарат агенттігі Түркістан облысы полиция департаментіне сілтеме жасап.
2021 жылы Бәйдібек АПБ-нің жедел уәкілдері ресейлік әріптестерімен бірлескен іздестіру іс шараларының нәтижесінде, күдіктіні Ресей Федерациясынан ұстады. Қазіргі таңда Ресей Федерациясында бой тасалап жүрген күдіктіге қатысты экстрадициялау жұмстары жүргізілуде.
Атап өтер жайт, Түркістан облысы ПД полицейлері криминалдық полицияның сот төрелігі органдарынан жасырынған және хабар-ошарсыз кеткен адамдарды іздестіру жөніндегі жұмысы тұрақты негізде жүргізіледі және алдағы уақытта да жалғасатын болады.
ТО ПД-нің баспасөз қызметі




