Келес АПБ-не жергілікті тұрғынның бірі арызданып келген. Оның айтуынша, белгісіз біреулер түнгі уақытта үйіне терезе арқылы кіріп, жатын бөлмеде жасырын тұрған 300 мың теңге ақшасын жымқырып кеткенін көрсеткен. Аталған жайтты полицейлер ҚР-нің Қылмыстық кодексінің 188-бабы 3-бөлігі «Ұрлық» бойынша тіркеп, іздестіру жұмыстарын бастап кетті — деп хабарлайды 102info.kz ақпарат агенттігі Түркістан облысы полиция департаментіне сілтеме жасап.
Нәтижесінде келестік тәртіп сақшылары тәулік ішінде күдікті деп танылған жас баланы анықтады.
Тергеу барысында күдікті азамат Шымкент қаласының тұрғыны екендігі белгілі болды. Сондай-ақ полицейлер күдікті азаматтың ұрлықты жоспарлы түрде жасағанын айтты. Күдікті азамат ұрлаған ақшаны өз кажетіне жұмсап жіберген. Қазіргі таңда күдікті өз кінәсін толықтай мойындады. Бүгінде күдіктіге қатысты сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары жүргізілуде. Күдіктінің бас шарсасы қолхатта.
Түркістан облысы полицейлері тауарлық-материалдық құндылықтар сақталатын үй-жайларға бейнебақылау камерасын және терезелерге металл тор орнатуға кеңес береді. Егер де, сіз, осы секілді ұрлық жайтының құрбаны немесе куәгері болсаңыз, тез арада «102» нөміріне хабарлаңыз!!!
ТО ПД-ның баспасөз қызметі




