102info.kz
  • Жаңалықтар
  • Аймақ айшығы
  • Әріптес келбеті
  • Қоғам және заң
  • Түркістан облысы
  • Байланыс
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Аймақ айшығы
  • Әріптес келбеті
  • Қоғам және заң
  • Түркістан облысы
  • Байланыс
No Result
View All Result
102info.kz
No Result
View All Result
Home Түркістан облысы

Түркістанның полицейлері алаяқтықпен айналысқан Алматы облысының тұрғынын құрықтады

30 марта, 2021
0
Түркістанның полицейлері алаяқтықпен айналысқан Алматы облысының тұрғынын құрықтады

Жетісай АПБ-ның кезекшілік бөлімшесіне бірнеше тұрғын хабарласып, белгісіз азаматтың оның ақшаларын көбейтіп беремін деп, алаяқтық тәсілмен есеп шотына ақша салдырып, қайтармағанын хабарлайды. Аталған жайт бірден Жетісай АПБ-де ҚР Қылмыстық кодексінің 190-бабы «Алаяқтық» бойынша тіркеуге алынды.
Сақшылар қылмысты дер кезінде ашу мен алаяқ құрбандарының саны одан әрі артып кетпес үшін, тәжірибелі қызметкерлердің арасынан тергеп-тексеру тобын құрды. Олар күдіктіні анықтауға бағытталған шаралардың барлығын атқарды.
Нәтижесінде алаяқтық қылмысын жасаған күдікті ретінде Алматы облысының жергілікті тұрғыны ұсталды. Ұсталған азамат ватсап желісі арқылы арнайы топ ашып, оған әртүрлі адамдарды тіркеп, олардың сеніміне кірген. Содан соң топтағы әрбір адамға өзінің компанияның қызметкерімін деп таныстырып, есепшотын ұсынып, соған ақша салса, белгілі бір мерзім ішінде 3 еселенетінін айтып, алдаған.
Ер азаматқа сенген жәбірленушілер, 5 000 мен 100 000 теңге аралығындағы ақшаларын есепшотқа аударған. Жәбірленушілер Кентау, Мақтаарал, Жетісай, Шардара, Отырар аудандарының тұрғындары. Бүгінгі күнге дейін жәбірленушілерге келтірілген шығын көлемі миллионға жуықтаған, алайда арызданушылар санының артуына байланысты оның көлемі ұлғаюы мүмкін. Сондықтан сотқа дейінгі тергеп-тексеру жұмыстары жүргізілуде. Қазіргі уақытта ұсталған күдікті қамауда — деп хабарлайды 102info.kz ақпарат агенттігі Түркістан облысы полиция департаментіне сілтеме жасап.
Осы тұста полицейлер тұрғандарға ескертеді: кез-келген бейтаныс адамға сенім артып, қажетті деген құжаттарды, жеке мәліметтеріңізді ақшаларыңызды беруден абай болыңыздар. Сондай-ақ ақша беру, ақша аудару, ақша алу сынды операциялар кезінде мұқият болу қажет. Ақшаны тек белгілі және заңды банктер ғана тиісті мөлшермен еселеп беретінін естен шығармаңыз!
Егер де сіз жоғарыда аталған жайттарға тап болсаңыз, бірден полицияның 102 нөміріне қоңырау шалыңыз. Бүгінгі таңда осы қылмыс түрінің көбеюіне байланысты, қашан да қырағылық танытып, алаяқтардан сақ болуға шақырамыз.

Түркістан облысы ПД-нің баспасөз қызметі

ShareTweetPin
Next Post
Көлігін соққаны үшін, кінәлінің көлігін заңсыз айдап кеткен

Көлігін соққаны үшін, кінәлінің көлігін заңсыз айдап кеткен

Түркістан облысының полицейлері заңсыз ойын бизнесінің жолын кесті

Түркістан облысының полицейлері заңсыз ойын бизнесінің жолын кесті

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Online оқи жүріңіз!

Currently Playing

Ең көп қаралғаны

  • Түркістан қаласында 5 адамның өліміне қатысы бар екі ЖШС-ның директоры 4 жылға бас бостандықтарынан айырылды

    Түркістан қаласында 5 адамның өліміне қатысы бар екі ЖШС-ның директоры 4 жылға бас бостандықтарынан айырылды

    0 shares
    Share 0 Tweet 0
  • Түркістан облысының полицейлері екінші рет мас халде көлік басқарған жүргізушіні ұстады

    0 shares
    Share 0 Tweet 0
  • Полицейлер рейдтік шара кезінде кеурек өсімдігін қазған 51 шетелдікті анықтады

    0 shares
    Share 0 Tweet 0
  • Түркістан қаласында орнатылған бірқатар бейнебақылау камералары 1 наурыздан бастап іске қосылмақ

    0 shares
    Share 0 Tweet 0
  • Су қоймада жанжал көтерген азаматтан пышақ тәркіленіп алынды.

    0 shares
    Share 0 Tweet 0

Басылым жайлы

Меншік иесі: "ЖК Туганбаев Б."

Бас редактор: Базаркүл Ақынқызы


Мекенжай:

Шымкент қаласы,16 ықшам ауданы,20-үй,6-пәтер

e-mail:arnat20@mail.ru

Мұрағат

  • Февраль 2024
  • Июль 2023
  • Май 2023
  • Апрель 2023
  • Март 2023
  • Февраль 2023
  • Январь 2023
  • Декабрь 2022
  • Ноябрь 2022
  • Октябрь 2022
  • Сентябрь 2022
  • Август 2022
  • Июль 2022
  • Июнь 2022
  • Май 2022
  • Апрель 2022
  • Март 2022
  • Февраль 2022
  • Январь 2022
  • Декабрь 2021
  • Ноябрь 2021
  • Октябрь 2021
  • Сентябрь 2021
  • Август 2021
  • Июль 2021
  • Июнь 2021
  • Май 2021
  • Апрель 2021
  • Март 2021
  • Февраль 2021
  • Январь 2021
  • Декабрь 2020
  • Ноябрь 2020
  • Октябрь 2020
  • Сентябрь 2020
  • Май 2020
  • Апрель 2020

Біз әлеуметтік желіде

No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Аймақ айшығы
  • Әріптес келбеті
  • Қоғам және заң
  • Түркістан облысы

© 2020 102 құқықтық, ақпараттық-танымдық басылым