Қайырымдылық — адамзат бойындағы ерекше бір қасиет болып саналады. Қайырымдылық ізгіліктің, адамның адамға деген таза ниетін, адамгершілік қарым-қатынасын көрсететін адамдардың бір-біріне деген сүйіспеншілігі мен көмегі екені даусыз— деп хабарлайды 102info.kz ақпарат агенттігі Түркістан облысы полиция департаментіне сілтеме жасап.
Қашанда қолдан келгенше қайырымдылық жасауды ел қорғандары өздеріне парыз еткен. Жақсылық жасау — имандылықтың, тәрбиеліліктің, парасаттылықтың айқын көрінісі. Адам баласының осынау асыл қасиетін айшықтайтын қайырымдылық іс-шарасы бүгінде біздің полиция қызметкерлерінің арасында кең етек жайып, тұрақты түрде ұйымдастырылады.
Осындай игі істің жалғасы мақтааралдық полицейлері арасында да өз жалғасын табуда. Кезекті қайрымдылық іс-шараларды жалғастыру барысында бір қойды құрбандыққа шалып, қасына азық-түлік өнімдерін қосты. Жақсылық жасауға асыққан тәртіп сақшылары жағдайы төмен, яғни жастайынан асыраушысынан айырылған 3 баланың анасына көмек қолдарын созды.
Сонымен қатар тағдырдың тауқыметіне мойымаған көпбалалы ана мен мүмкіндігі шектеулі ананың балаларын қуанту мақсатында осындай қайырымдылық іс-шарасы ұйымдастырылды. Сондай-ақ осындай көмекке мұқтаж отбасына барып, хал-жағдайын сұрап, азды-көпті азық-түлік өнімдерін үлестіріп берді.
Өз кезегінде асыраушысынан айырылған аналар полицейлерге алғыстарын айтып, жұмыстарына табыс тіледі. Қиын шақта қолдау білдіргендеріне ризашылықтарын жеткізді. Бала қуанса, әлем қуанады. Сондықтан, бір-бірімізге қолғабыс етуден шаршамайық!
ТО ПД-ның баспасөз қызметі




