Келес ауданы полиция бөлімінің бастығы полиция полковнигі Болат Қаныбеков 2020 жылдың 12 айында атқарылған жұмыстарының қорытындысы бойынша, аудан тұрғындарына есеп беру жиынын өткізді. Аудандық тәртіп сақшыларының өткен жылғы жасаған қызметтерін тілге тиек етіп, жұртшылыққа жеткізді- деп хабарлайды 102info.kz ақпарат агенттігі Түркістан облысы полиция департаментіне сілтеме жасап.
Полиция полковнигі өз баяндамасында: «Ауданда жалпы құқық бұзушылық саны -5,7 пайызға төмендеді, ашылуы 78,3 пайызды құрады. Оның ішінде ұрлық қылмыстары-37,4 пайызға, пәтер ұрлығы -21,2 пайызға, мал ұрлығы -47,4 пайызға азайған. Осы мал ұрлығының алдын алу мақсатында, ауыл тұрғындарының қатысуында кездесулер өткізіліп, «Көрші бақылауы», «Сақшы-Сарбаз» жұмысы және малдарды қараусыз қалдырмау жайлы менің тікелей қатысуымда бірнеше жиындар өткізілді. Ал, ювеналды полиция тобының қызметкерлерімен кәмелетке толмағандар арасында қылмыстың алдын алу мақсатында, бірқатар іс-шаралар атқарылған. Түнгі уақытта заңды өкілінсіз тұрғынжайдан тыс жерлерде жүрген 210 жасөспірім АПБ-ға жеткізіліп, барлығының ата-аналары ҚР ӘҚБтК-нің 442-бабына сәйкес жауапкершілікке тартылды. Жергілікті полиция қызметінің басты міндеттерінің бірі-қоғамдық тәртіп пен жол қауіпсіздігін қамтамасыз ету болып табылады. Жол-көлік оқиғаларын азайту мақсатында Келес АПБ ЖПҚ патрульдік полиция тобы және облыстық ЖПҚ дербес батальон қызметкерлерімен үнемі рейдтік іс-шаралар ұйымдастырылуда. Осындай іс-шаралар арқасында 2020 жылдың 12 айында Келес АПБ ЖПҚ-нің ППТ-ның қызметкерлері тарапынан 5278 хаттама толтырылған»,-деп атап өтті.
Жиналыс барысында қатысушылар полиция қызметіне қатысты түрлі сұрақтарын қойды. Бөлім бастығы қойылған әрбір сұраққа жеке-жеке тоқталып, нақты жауаптарын берді. Тұрғындар тәртіп сақшыларының жұмыстарына бірауыздан жақсы деген баға берді.
Сөз соңында, аудандық ПБ-нің бастығы Б.Қаныбеков, алдағы уақытта да қылмыстың алдын алуда, болған қылмыстарды дер кезінде ашуда, қоғамдық тәртіпті сақтауды, жеке құрам арасында тәртіп пен заңдылықты нығайту жұмыстарын тиісті деңгейге көтеріп, жоғары дәрежеде жұмыс атқарады деп сенім білдірді.
ТО ПД-ның баспасөз қызметі




