Қазығұрт аудандық полиция бөлімінің қызметкерлері карантин талаптарының сақталуын қадағалау мақсатында, тұрақты түрде рейдтік жұмыстар атқаруда. Осы тұста карантин режимін бұзған Қазығұрт ауданында орналасқан кафелердің бірінің аспазшысының бетпердесіз жүргені анықталды. Ол Сарыағаш ауданының тұрғыны болып шықты. Оған қатысты Қазақстан Республикасының ӘҚБтК-нің 425-бабы «Халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы заңнама талаптарын, сондай-ақ гигиеналық нормативтердi бұзу» бойынша жинақталған іс-құжаттарды топтап, Тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау басқармасына жолданды-деп хабарлайды 102info.kz ақпарат агенттігі Түркістан облысы полиция департаментіне сілтеме жасап.
Сонымен қатар мобильді топ өкілдері, Қазығұрт ауданы орталығындағы тойханалар мен мейрамханаларды тексеріп, нысан иелерімен кездесіп, той-жиын өткізбеу және азаматтардың жиналуына жол бермеу керектігін түсіндіріп, карантин талаптары бұзылған жағдайда заңды шара көрілетіні туралы айтты. Сондықтан әрбіріміз денсаулығымызға немқұрайлы қарамайық. Жақынымызға жанашыр болайық. Ел қамын ойлайтын азаматтарымыз, ұлттың амандығы үшін күндіз-түні тынбай еңбек етуде. Бұл бағыттағы іс-шаралар алдағы уақыттада өз жалғасын таппақ. Сондықтан бетперделік режим мен арақашықтықты сақтаңыздар!
ТО ПД-ның баспасөз қызметі




