102info.kz
  • Жаңалықтар
  • Аймақ айшығы
  • Әріптес келбеті
  • Қоғам және заң
  • Түркістан облысы
  • Байланыс
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Аймақ айшығы
  • Әріптес келбеті
  • Қоғам және заң
  • Түркістан облысы
  • Байланыс
No Result
View All Result
102info.kz
No Result
View All Result
Home Түркістан облысы

Түркістан облысының полицейлері тұрғын үйге ұрлыққа түскен күдіктіні ұстады

4 февраля, 2021
0
Түркістан облысының полицейлері тұрғын үйге ұрлыққа түскен күдіктіні ұстады

Сайрам АПБ-не жергілікті тұрғын арызданып, өз үйіне белгісіз біреулер ұрлыққа түскенін хабарлайды. Жәбірленушінің айтуынша, оның үй ауласында орналасқан жаздық демалыс орнында тұрған «LG» маркалы теледидарын және «wifi» құрылғысын жымқырып кеткен. Келтірілген шығын көлемі 150 000 теңгеден астам. Аталған жайт сотқа дейінгі тергеп-тексерудің бірыңғай тізіліміне енгізіліп, ҚР ҚК-нің 188-бабы «Ұрлық» бойынша тіркелді.
Үйге ұрлыққа түскен ұрыны ұстау мақсатында, аудандық тәжірибелі полицейлерден жедел-тергеу тобы құрылды. Тәртіп сақшылары оқиға орнын мұқият тексеріп, көрген-білгендерден жауап алады. Тыңғылықты жүргізілген тексеру жұмыстарының нәтижесінде, полицейлер күдіктінің жеке басын анықтап, 2 тәулік ішінде өзінің тұрғынжайынан ұстады.
Тергеу барысында анықталғандай, күдікті оңай жолмен ақша таппақ болған. Осылайша тұрғын үйге ұрлыққа түсіп, қолына ілінгенін алып кеткен. Күдікті өз кінәларын толық мойындап отыр. Ол ұрланған заттардың бірін жарты бағасына ломбардқа өткізіп, ақшасын бас пайдасының қажеттілігіне жұмсап жіберген. «Wifi» құрылғысын өзі пайдаланып жүрген.
Қазіргі таңда сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде. Күдіктінің бас шарасы қолхатта.
Өз кезегінде Түркістан облысының полицейлері, азаматтарға қырағы болу және өз үйлерін қараусыз қалдырмау қажеттігін ескертеді. Сіздің мүлігіңізге қылмыстық қол сұғушылықты болдырмау үшін, терезелер мен есіктерді темір торлармен және сенімді құлыптармен бекіту керек. Тіпті аз уақытқа болсын үйден шықсаңыз, сыртқы есіктер мен терезелерін мықтап жауып жүріңіз. Сондай-ақ мүмкіндігінше үйлер мен кіреберістерде бейнебақылау камералары мен күзет дабылын орнатыңыз. Пәтер ұрлығы болған жағдайда, жедел түрде «102» телефоны бойынша полицияға хабарласу қажет, бұл полиция қызметкерлеріне қылмысты «ізін суытпай»ашуға көмектеседі.
Қазығұрттық полицейлер тұрғын үйге ұрлыққа түскен 22 жастағы азаматты ұстады
Қазығұрт АПБ-не жергілікті тұрғын арызданып, тұрғын үйіне белгісіз біреулер түнгі уақытта ұрлыққа түскенін хабарлайды. Жәбірленушінің айтуынша, оның жатын бөлмесінде ілулі тұрған теледидар мен тв тюнерін ұрлап кеткенін көрсеткен.Аталған жайттар сотқа дейінгі тергеп-тексерудің бірыңғай тізіліміне енгізіліп, ҚР ҚК-нің 188-бабы «Ұрлық» бойынша тіркелді.
Үйге ұрлыққа түскен ұрыларды ұстау мақсатында, аудандық тәжірибелі полицейлерден жедел-тергеу тобы құрылды. Тәртіп сақшылары оқиға орнын мұқият тексеріп, көрген-білгендерден жауап алады. Тыңғылықты жүргізілген тексеру жұмыстарының нәтижесінде, полицейлер күдіктінің жеке басын анықтап, тұрғын үйінен ұстады. Олар бір-біріне көрші болып келетін жергілікті тұрғын болып шықты.
Тергеу барысында анықталғандай, күдікті көршісінің үйінде жоқтығын пайдаланып, оңай жолмен ақша таппақ болған. Осылайша азамат ұрлыққа түсіп, тұрмыстық техникаларды алып кеткен. Мұнымен қоймай күдікті ұрланған заттарды ломбардтардың біріне арзан бағаға сатып жіберген. Сонымен қатар күдіктінің бұрын «Мал ұрлығы» бойынша сотты болғаны белгілі болды. Күдіктіден айғақты зат ретінде ұрланған заттар тәркіленіп алынып, заңды иесіне қайтарылды. Қазіргі таңда сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде — деп хабарлайды 102info.kz ақпарат агенттігі Түркістан облысы полиция департаментіне сілтеме жасап.
Өз кезегінде, Түркістан облысының полицейлері азаматтарға қырағы болу және өз үйлерін қараусыз қалдырмау қажеттігін ескертеді. Сіздің мүлігіңізге қылмыстық қол сұғушылық болдырмау үшін, терезелер мен есіктерді темір торлармен және сенімді құлыптармен бекіту керек. Тіпті аз уақытқа болсын үйден шықсаңыз, сыртқы есіктер мен терезелерін мықтап жауып жүріңіз. Сондай-ақ мүмкіндігінше үйлер мен кіреберістерде бейнебақылау камералары мен күзет дабылын орнатыңыз. Ұрлық болған жағдайда, жедел түрде «102» телефоны бойынша полицияға хабарласу қажет, бұл полиция қызметкерлеріне қылмысты «ізін суытпай» ашуға көмектеседі.

ТО ПД-ның баспасөз қызметі

ShareTweetPin
Next Post
Түркістан облысының полицейлері жақсылық жасап жарысуда

Түркістан облысының полицейлері жақсылық жасап жарысуда

Түркістан облысында карантин талаптарын бұзушылар саны артуда

Түркістан облысында карантин талаптарын бұзушылар саны артуда

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Online оқи жүріңіз!

Currently Playing

Ең көп қаралғаны

  • Түркістан қаласында 5 адамның өліміне қатысы бар екі ЖШС-ның директоры 4 жылға бас бостандықтарынан айырылды

    Түркістан қаласында 5 адамның өліміне қатысы бар екі ЖШС-ның директоры 4 жылға бас бостандықтарынан айырылды

    0 shares
    Share 0 Tweet 0
  • Түркістан облысының полицейлері екінші рет мас халде көлік басқарған жүргізушіні ұстады

    0 shares
    Share 0 Tweet 0
  • Полицейлер рейдтік шара кезінде кеурек өсімдігін қазған 51 шетелдікті анықтады

    0 shares
    Share 0 Tweet 0
  • Түркістан қаласында орнатылған бірқатар бейнебақылау камералары 1 наурыздан бастап іске қосылмақ

    0 shares
    Share 0 Tweet 0
  • Су қоймада жанжал көтерген азаматтан пышақ тәркіленіп алынды.

    0 shares
    Share 0 Tweet 0

Басылым жайлы

Меншік иесі: "ЖК Туганбаев Б."

Бас редактор: Базаркүл Ақынқызы


Мекенжай:

Шымкент қаласы,16 ықшам ауданы,20-үй,6-пәтер

e-mail:arnat20@mail.ru

Мұрағат

  • Февраль 2024
  • Июль 2023
  • Май 2023
  • Апрель 2023
  • Март 2023
  • Февраль 2023
  • Январь 2023
  • Декабрь 2022
  • Ноябрь 2022
  • Октябрь 2022
  • Сентябрь 2022
  • Август 2022
  • Июль 2022
  • Июнь 2022
  • Май 2022
  • Апрель 2022
  • Март 2022
  • Февраль 2022
  • Январь 2022
  • Декабрь 2021
  • Ноябрь 2021
  • Октябрь 2021
  • Сентябрь 2021
  • Август 2021
  • Июль 2021
  • Июнь 2021
  • Май 2021
  • Апрель 2021
  • Март 2021
  • Февраль 2021
  • Январь 2021
  • Декабрь 2020
  • Ноябрь 2020
  • Октябрь 2020
  • Сентябрь 2020
  • Май 2020
  • Апрель 2020

Біз әлеуметтік желіде

No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Аймақ айшығы
  • Әріптес келбеті
  • Қоғам және заң
  • Түркістан облысы

© 2020 102 құқықтық, ақпараттық-танымдық басылым