102info.kz
  • Жаңалықтар
  • Аймақ айшығы
  • Әріптес келбеті
  • Қоғам және заң
  • Түркістан облысы
  • Байланыс
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Аймақ айшығы
  • Әріптес келбеті
  • Қоғам және заң
  • Түркістан облысы
  • Байланыс
No Result
View All Result
102info.kz
No Result
View All Result
Home Түркістан облысы

Түркістан облысының полицейлері жол апатын жасап, оқиға орнынан қашып кеткен Жамбыл облысының тұрғынын ұстады

19 января, 2021
0

Түлкібас ауданының полиция бөліміне жергілікті тұрғын арызданып, кешкі уақытта інісін көлік қағып кеткені бойынша хабарлайды. Оқиға орнына бірден полиция қызметкерлері аттанады. Олар белгісіз көліктің жүргізушісі жолды кесіп өтпек болған тұрғынды қағып, содан соң оқиға орнынан қашып кеткенін анықтайды. Жедел жәрдем келіп жаяу жүргіншіні ауруханаға алып кеткенімен, ер азамат алған жарақаттарының салдарынан жансақтау бөлімінде көз жұмған.
Аталған жайт Түлкібас аудандық полиция бөлімінде ҚР ҚК-нің 345-бабының 3-бөлігімен «Көлік құралдарын жүргізуші адамдардың жол қозғалысы немесе көлік құралдарын пайдалану ережелерін бұзуы», 347-баптың 1-бөлігі «Жол-көлік оқиғасы болған жерден кетіп қалу» бойынша тіркеуге алынды. Жол-көлік оқиғасына қатысы бар жасырынған жүргізушіні жедел түрде ұстау мақсатында аудандық полиция бөлімінің қызметкерлерімен іздестіру шаралары жүргізілді. Тексеру жұмыстары кезінде оқиға орнынан көліктің сынық қалдықтары алынды. Табылған айғақты заттардың жол көлік оқиғасын жасаған көлікке тиесілі және күдіктінің Жамбыл облысының жергілікті тұрғыны екені белгілі болды. Осылайша тәртіп сақшылары көп ұзамай кінәлі жүргізушінің мекенжайын анықтап, оны ұстап, бөлімге жеткізді-деп хабарлайды 102info.kz ақпарат агенттігі Түркістан облысы полиция департаментіне сілтеме жасап.
Бүгінгі таңда күдікті бас шарасы ешқайда кетпеу туралы қолхатта. Тексеру барысында анықталғандай күдікті өзінің «Тойота» маркалы көлігімен демалыс орнынан қайтып келе жатып, жаяу жүргіншіні қағып кеткен. Жасаған ісінен үрейленіп, оқиға орнынан қашып, өзінің тұрғылықты мекенжайы Жамбыл облысына жасырынған. Қазіргі уақытта аталған жайт бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде. Сараптама тағайындалды. Тәртіп сақшылары болған оқиғаның барлық мән-жайын анықтауда.
Өз кезегінде Түркістан облысының полицейлері, жол қозғалысына қатысушыларға абай болу мен жол қауіпсіздігі ережесін бұзбау керектігін ескертеді. Оған қоса жылдамдықты асырмауға, қашықтықты сақтауға, жол-көлік оқиғасы болған жағдайда оқиға орнынан кетпеуге кеңес береді.
Ал жаяу жүргіншілерге айтар болсақ, кез-келген жерден жолды кесіп өтуге тыйым салынған. Сондықтан тек арнайы белгіленген орындардан ғана қауіпсіздік ережелерін ұстана отырып өткен жөн болмақ.
Егерде сіз жол-көлік оқиғасының қатысушысы немесе куәгері болсаңыз, тез арада 102 телефонына хабарласыңыз. Бұл өз мерзімінде күдіктіні ізін суытпай ұстау үшін себеп болмақ.

ShareTweetPin
Next Post

Кентау қаласының полицейлері жасөспірімді тонаған күдіктілерді "ізін суытпай" ұстады

Түркістан облысының полицейлері жол апатына ұшыраған Қырғызстанның жүргізушісіне көмектесті

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Online оқи жүріңіз!

Currently Playing

Ең көп қаралғаны

  • Түркістан қаласында 5 адамның өліміне қатысы бар екі ЖШС-ның директоры 4 жылға бас бостандықтарынан айырылды

    Түркістан қаласында 5 адамның өліміне қатысы бар екі ЖШС-ның директоры 4 жылға бас бостандықтарынан айырылды

    0 shares
    Share 0 Tweet 0
  • Түркістан облысының полицейлері екінші рет мас халде көлік басқарған жүргізушіні ұстады

    0 shares
    Share 0 Tweet 0
  • Полицейлер рейдтік шара кезінде кеурек өсімдігін қазған 51 шетелдікті анықтады

    0 shares
    Share 0 Tweet 0
  • Түркістан қаласында орнатылған бірқатар бейнебақылау камералары 1 наурыздан бастап іске қосылмақ

    0 shares
    Share 0 Tweet 0
  • Су қоймада жанжал көтерген азаматтан пышақ тәркіленіп алынды.

    0 shares
    Share 0 Tweet 0

Басылым жайлы

Меншік иесі: "ЖК Туганбаев Б."

Бас редактор: Базаркүл Ақынқызы


Мекенжай:

Шымкент қаласы,16 ықшам ауданы,20-үй,6-пәтер

e-mail:arnat20@mail.ru

Мұрағат

  • Февраль 2024
  • Июль 2023
  • Май 2023
  • Апрель 2023
  • Март 2023
  • Февраль 2023
  • Январь 2023
  • Декабрь 2022
  • Ноябрь 2022
  • Октябрь 2022
  • Сентябрь 2022
  • Август 2022
  • Июль 2022
  • Июнь 2022
  • Май 2022
  • Апрель 2022
  • Март 2022
  • Февраль 2022
  • Январь 2022
  • Декабрь 2021
  • Ноябрь 2021
  • Октябрь 2021
  • Сентябрь 2021
  • Август 2021
  • Июль 2021
  • Июнь 2021
  • Май 2021
  • Апрель 2021
  • Март 2021
  • Февраль 2021
  • Январь 2021
  • Декабрь 2020
  • Ноябрь 2020
  • Октябрь 2020
  • Сентябрь 2020
  • Май 2020
  • Апрель 2020

Біз әлеуметтік желіде

No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Аймақ айшығы
  • Әріптес келбеті
  • Қоғам және заң
  • Түркістан облысы

© 2020 102 құқықтық, ақпараттық-танымдық басылым