102info.kz
  • Жаңалықтар
  • Аймақ айшығы
  • Әріптес келбеті
  • Қоғам және заң
  • Түркістан облысы
  • Байланыс
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Аймақ айшығы
  • Әріптес келбеті
  • Қоғам және заң
  • Түркістан облысы
  • Байланыс
No Result
View All Result
102info.kz
No Result
View All Result
Home Түркістан облысы

Кентау қаласының полицейлері жасөспірімді тонаған күдіктілерді «ізін суытпай» ұстады

19 января, 2021
0

Кентау ҚПБ-ның кезекші бөліміне жергілікті тұрғыннан арыз келіп түскен. Онда кәмелетке толмаған баласынан «Redmi 9S» маркалы ұялы телефон ұрланғаны туралы көрсеткен. Жәбірленуші әйелдің айтуынша, саябақтардың бірінің жанында жасөспірімге белгісіз біреулер күш көрсетіп, құны 60 мың теңге болатын телефонды тартып алған. Полиция қызметкерлері аталған жайтты ҚР ҚК-нің 191-бабы «Тонау» бойынша СДТБТ-де тіркеді — деп хабарлайды 102info.kz ақпарат агенттігі Түркістан облысы полиция департаментіне сілтеме жасап.
Қарақшыларды ұстауға бірден Кентау ҚПБ-ның криминалдық полиция қызметкерлері мен патрульдік жасақтары бағытталды. Жедел-іздестіру іс-шараларының нәтижесінде полицейлер күдікті ретінде 4 жас жігітті ұстады. Олар жергілікті тұрғын болып шықты. Қазіргі уақытта аталған жайт бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде. Күдіктілердің бас шарасы қолхатта.
Тергеу барысында анықталғандай, кешкі сағат 17:30 шамасында жасөспірім саябақ ішінен өтіп бара жатқан. Сол мезетте алдынан шыққан 4 жігіт күш көрсетіп, ұялы телефонын алаяқтық жолмен ашық түрде тонап кеткен. Алайда қолды болған затты сатып үлгермеген. Айғақты зат ретінде ұялы телефон тәркіленіп алынып, заңды иесіне қайтарылды.
Түркістан облысының полицейлері ұрлықты немесе тонауды болдырмау үшін азаматтарға қырағы болуға және өз мүлкін қараусыз қалдырмауға кеңес береді. Сондай-ақ, көшеде қымбат телефондар мен ақшаны көпшілікке көрсетпеу керек. Бағалы заттар киімнің ішкі қалталарында немесе жабық сөмкелерде жақсы сақталады. Сондай-ақ, олардың мүлкін немесе телефондарын қылмыстық мақсатта иемденуі мүмкін бейтаныс адамдарға сенбеңіз. Егер, сіз, осындай қылмыстардың құрбаны немесе куәгері болсаңыз, дереу полицияға 102 нөміріне хабарласыңыз.

ShareTweetPin
Next Post

Түркістан облысының полицейлері жол апатына ұшыраған Қырғызстанның жүргізушісіне көмектесті

Түркістан облысында мал ұрлығы өткен жылға қарағанда едәуір азайған

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Online оқи жүріңіз!

Currently Playing

Ең көп қаралғаны

  • Түркістан қаласында 5 адамның өліміне қатысы бар екі ЖШС-ның директоры 4 жылға бас бостандықтарынан айырылды

    Түркістан қаласында 5 адамның өліміне қатысы бар екі ЖШС-ның директоры 4 жылға бас бостандықтарынан айырылды

    0 shares
    Share 0 Tweet 0
  • Түркістан облысының полицейлері екінші рет мас халде көлік басқарған жүргізушіні ұстады

    0 shares
    Share 0 Tweet 0
  • Полицейлер рейдтік шара кезінде кеурек өсімдігін қазған 51 шетелдікті анықтады

    0 shares
    Share 0 Tweet 0
  • Түркістан қаласында орнатылған бірқатар бейнебақылау камералары 1 наурыздан бастап іске қосылмақ

    0 shares
    Share 0 Tweet 0
  • Су қоймада жанжал көтерген азаматтан пышақ тәркіленіп алынды.

    0 shares
    Share 0 Tweet 0

Басылым жайлы

Меншік иесі: "ЖК Туганбаев Б."

Бас редактор: Базаркүл Ақынқызы


Мекенжай:

Шымкент қаласы,16 ықшам ауданы,20-үй,6-пәтер

e-mail:arnat20@mail.ru

Мұрағат

  • Февраль 2024
  • Июль 2023
  • Май 2023
  • Апрель 2023
  • Март 2023
  • Февраль 2023
  • Январь 2023
  • Декабрь 2022
  • Ноябрь 2022
  • Октябрь 2022
  • Сентябрь 2022
  • Август 2022
  • Июль 2022
  • Июнь 2022
  • Май 2022
  • Апрель 2022
  • Март 2022
  • Февраль 2022
  • Январь 2022
  • Декабрь 2021
  • Ноябрь 2021
  • Октябрь 2021
  • Сентябрь 2021
  • Август 2021
  • Июль 2021
  • Июнь 2021
  • Май 2021
  • Апрель 2021
  • Март 2021
  • Февраль 2021
  • Январь 2021
  • Декабрь 2020
  • Ноябрь 2020
  • Октябрь 2020
  • Сентябрь 2020
  • Май 2020
  • Апрель 2020

Біз әлеуметтік желіде

No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Аймақ айшығы
  • Әріптес келбеті
  • Қоғам және заң
  • Түркістан облысы

© 2020 102 құқықтық, ақпараттық-танымдық басылым