102info.kz
  • Жаңалықтар
  • Аймақ айшығы
  • Әріптес келбеті
  • Қоғам және заң
  • Түркістан облысы
  • Байланыс
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Аймақ айшығы
  • Әріптес келбеті
  • Қоғам және заң
  • Түркістан облысы
  • Байланыс
No Result
View All Result
102info.kz
No Result
View All Result
Home Қоғам және заң

Түркістан облысының полицейлері түнгі уақытта қараусыз жүрген жасөспірімдерді анықтау бойынша рейдтер жүргізуде

23 ноября, 2020
0
Түркістан облысының полицейлері түнгі уақытта қараусыз  жүрген жасөспірімдерді анықтау бойынша рейдтер жүргізуде

Кәмелетке толмағандарға қатысты құқық бұзушылықтың алдын алу және ескерту, олардың құқықтары мен заңды мүдделерін қорғау, сондай-ақ жасөспірімдер арасындағы қылмысты азайту мақсатында Жетісай ауданының полиция қызметкерлері жүйелі түрде рейдтік іс-шаралар өткізіп тұрады-деп хабарлайды 102info.kz ақпарат агенттігі Түркістан облысы полиция департаментіне сілтеме жасап.
Аталған міндеттерді іске асыру және ұйымдастыру үшін аудандық полиция бөлімінде ювеналды полиция инспекторлары, жастар орталығының және жергілікті бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдерін тарта отырып, жұмыс тобы құрылған.
Тәртіп сақшылары іс-шара барысында басты назарды профилактикалық есепте тұрған кәмелетке толмағандарға, олардың ата-аналарына, кәмелетке толмағандар арасында қаңғыбастық пен қадағалаусыз қалу, жасөспірімдердің түнгі уақытта ересектердің қарауынсыз жүру жайттарын, сондай-ақ кәмелетке толмағандарға алкоголь және темекі өнімдерін сату жағдайларының жолын кесуге аударды. Полиция қызметкерлері саябақтар, көшелер мен алаңдар, кафелер, компьютерлік клубтар және жасөспірімдердің болуы мүмкін басқа да орындарды қарап шығып, біршама олқылықтарды айқындады.
Мысалы, Жетісай қаласының ойын-сауық орталықтарының бірінде полиция қызметкерлері мекемеде сағат 22.00-ден кейін ересектердің қарауынсыз жүрген екі жасөспірімді анықтады. Олардың ата-аналарына қатысты ҚР ӘҚБтК-нің 442-бабы 1-бөлігі «Кәмелетке толмағандардың заңды өкілдерінің еріп жүруінсіз түнгі уақытта ойын-сауық мекемелерінде немесе тұрғынжайдан тыс жерде болуы» бойынша әкімшілік хаттамалар толтырылды. Сондай-ақ, жасөспірімдердің түнгі уақытта мекемеде болғаны үшін ҚР ӘҚБтК-нің 132-бабы «Кәмелетке толмағандардың түнгі уақытта ойын-сауық мекемелерінде болуына жол беру» бойынша ойынхана иесін әкімшілік жауапкершілікке тартып, оған 10 АЕК көлемінде айыппұл салынды.
Сонымен қатар, полицейлер ойынханадан медициналық бетпердесіз жүрген бірқатар келушілерді анықтады. Жиналған материалдар халықтың санитарлық-эпидемиологиялық салауаттылығы саласындағы заңнама талаптарын, сондай-ақ гигиеналық нормативтерді бұзу дерегі бойынша заңды шешім қабылдау үшін тиісті органдарға жіберілді.
Жыл басынан Жетісай АПБ-нің жергілікті полиция қызметінің қызметкерлері кәмелетке толмағандардың түнгі уақытта ойын-сауық мекемелерінде болғаны үшін 5 ойынхана иесін әкімшілік жауапкершілікке тартқан.
Түркістан облысының полицейлері атап өткендей, профилактикалық бақылаудың мұндай түрі жасөспірімдерді, қиын отбасыларды уақтылы анықтауға және оларға жедел құқықтық, басқа да көмек көрсетуге мүмкіндік береді. Сондай-ақ ата-аналарға балаларын қараусыз қалдырмауды ескертеді.

ТО ПД-нің баспасөз қызметі

ShareTweetPin
Next Post
Түркістан облысының полицейлері браконьерлерден жабайы қояндар тәркіледі

Түркістан облысының полицейлері браконьерлерден жабайы қояндар тәркіледі

Түркістан облысының полицейлері «Қауіпсіз жол» жедел-профилактикалық  іс-шарасы барысында 20-дан астам мас жүргізушіні анықтады

Түркістан облысының полицейлері "Қауіпсіз жол" жедел-профилактикалық іс-шарасы барысында 20-дан астам мас жүргізушіні анықтады

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Online оқи жүріңіз!

Currently Playing

Ең көп қаралғаны

  • Түркістан қаласында 5 адамның өліміне қатысы бар екі ЖШС-ның директоры 4 жылға бас бостандықтарынан айырылды

    Түркістан қаласында 5 адамның өліміне қатысы бар екі ЖШС-ның директоры 4 жылға бас бостандықтарынан айырылды

    0 shares
    Share 0 Tweet 0
  • Түркістан облысының полицейлері екінші рет мас халде көлік басқарған жүргізушіні ұстады

    0 shares
    Share 0 Tweet 0
  • Полицейлер рейдтік шара кезінде кеурек өсімдігін қазған 51 шетелдікті анықтады

    0 shares
    Share 0 Tweet 0
  • Түркістан қаласында орнатылған бірқатар бейнебақылау камералары 1 наурыздан бастап іске қосылмақ

    0 shares
    Share 0 Tweet 0
  • Су қоймада жанжал көтерген азаматтан пышақ тәркіленіп алынды.

    0 shares
    Share 0 Tweet 0

Басылым жайлы

Меншік иесі: "ЖК Туганбаев Б."

Бас редактор: Базаркүл Ақынқызы


Мекенжай:

Шымкент қаласы,16 ықшам ауданы,20-үй,6-пәтер

e-mail:arnat20@mail.ru

Мұрағат

  • Февраль 2024
  • Июль 2023
  • Май 2023
  • Апрель 2023
  • Март 2023
  • Февраль 2023
  • Январь 2023
  • Декабрь 2022
  • Ноябрь 2022
  • Октябрь 2022
  • Сентябрь 2022
  • Август 2022
  • Июль 2022
  • Июнь 2022
  • Май 2022
  • Апрель 2022
  • Март 2022
  • Февраль 2022
  • Январь 2022
  • Декабрь 2021
  • Ноябрь 2021
  • Октябрь 2021
  • Сентябрь 2021
  • Август 2021
  • Июль 2021
  • Июнь 2021
  • Май 2021
  • Апрель 2021
  • Март 2021
  • Февраль 2021
  • Январь 2021
  • Декабрь 2020
  • Ноябрь 2020
  • Октябрь 2020
  • Сентябрь 2020
  • Май 2020
  • Апрель 2020

Біз әлеуметтік желіде

No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Аймақ айшығы
  • Әріптес келбеті
  • Қоғам және заң
  • Түркістан облысы

© 2020 102 құқықтық, ақпараттық-танымдық басылым