102info.kz
  • Жаңалықтар
  • Аймақ айшығы
  • Әріптес келбеті
  • Қоғам және заң
  • Түркістан облысы
  • Байланыс
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Аймақ айшығы
  • Әріптес келбеті
  • Қоғам және заң
  • Түркістан облысы
  • Байланыс
No Result
View All Result
102info.kz
No Result
View All Result
Home Қоғам және заң

Түркістан облысының полицейлері «Қауіпсіз жол» жедел-профилактикалық іс-шарасы барысында 20-дан астам мас жүргізушіні анықтады

23 ноября, 2020
0
Түркістан облысының полицейлері «Қауіпсіз жол» жедел-профилактикалық  іс-шарасы барысында 20-дан астам мас жүргізушіні анықтады

Түркістан облысы ПД-нің жергілікті полиция қызметінің қызметкерлері «Қауіпсіз жол» жедел-профилактикалық іс-шарасының қорытындысын шығарды. Аталған іс-шараның негізгі мақсаты жол қауіпсіздігінің алдын алу, жол қозғалысы ережелерін бұзудың жолын кесу, оның ішінде қоғамдық көлік жүргізушілерінің арасында көлік тәртібін арттыру және жол-көлік оқиғаларының өсуіне әсер ететін ЖҚЕ сақталуын бақылау бойынша жұмыстарды жандандыру болып табылады.
І с-шараны өткізуге патрульдік полицияның 500-ден астам қызметкері, учаскелік инспекторлар және басқа да мүдделі органдардың өкілдері қатысты. Көлік құралын мас күйінде басқару, рұқсат етілген жылдамдықты арттыру, маневр жасау ережелерін бұзу, қарсы жүріп өту, қиылыстар мен жаяу жүргіншілер өткелдерінен өту, техникалық байқаудан өту және басқа да құқық бұзушылықтар сияқты ЖҚЕ бұзушылықтарына ерекше назар аударылды.
Түркістан облысы полицейлері «Қауіпсіз жол» жедел-профилактикалық іс-шарасының 3 тәулігінде 3715 жол қозғалысы ережесін бұзу жайтын анықтады, оның ішінде 122-сін қоғамдық көлік жүргізушілері жасаған-деп хабарлайды 102info.kz ақпарат агенттігі Түркістан облысы полиция департаментіне сілтеме жасап.
Сонымен қатар, мас күйінде көлік жүргізген 21 жүргізуші ұсталды, оларға қатысты әкімшілік хаттама толтырылып, автокөліктері айыптұрағына қойылды. Сондай — ақ, жылдамдықты асырғаны үшін 92 жүргізуші, қарсы жолаққа шыққаны үшін — 18, маневр жасау ережелерін бұзғаны үшін — 80, бағдаршамның тыйым салынған сигналына өткені үшін — 52, авариялық жағдай жасағаны үшін-17 және теміржол өтпелерінен өту ережелерін бұзғаны үшін 10 жүргізуші әкімшілік жауапкершілікке тартылды. 628 адам жол қозғалысы ережесін бұзып қауіпсіздік белдігін тақпағаны үшін, 235 адам көлік басқару кезінде ұялы телефондарын пайдаланғаны үшін, 366-сы көлік құралын басқару құқығы жоқ жүргізуші және жаяу жүргіншілерді өткізбеген 71 жүргізушіге шара көрілді. Рейд барысында тәртіп сақшылары автокөлікті заңсыз қайта жабдықтаудың 27 жағдайын, жалған нөмірлермен КҚ басқарудың 2 фактісін, қоғамдық көлік жүргізушілерінің рейс алдындағы және медициналық тексеруден өтпеуінің 7 фактісін және техникалық байқаудан өтпеудің 138 фактісін анықтады. Белгіленбеген жерде жолды кесіп өткені үшін 671 жаяу жүргінші әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Полицейлер айыптұрағына барлығы 141 көлік құралын қойып, ЖҚЕ бұзғаны үшін 15 мемлекеттік нөмір алынды.
Сонымен қатар, «Қауіпсіз жол» жедел-профилактикалық іс-шарасы аясында жергілікті полиция қызметінің қызметкерлері жүргізушілермен жол қозғалысы ережелерін бұзуға жол бермеу туралы түсіндіру және профилактикалық әңгімелер өткізіп, жол қозғалысы ережелерін міндетті түрде сақтау туралы 1000-ға тарта жаднамалар мен парақшалар таратты.

Өз кезегінде Түркістан облысы ПД-нің полицейлері автокөлік иелері мен жол қозғалысының басқа да қатысушыларына ЖҚЕ қатаң сақтау, жолдардағы жылдамдықты асырмау, қарсы қозғалыс жолағына шықпау және маневр жасау ережелерін бұзбау, ең бастысы, жол-көлік оқиғаларына әкеп соқтыруы мүмкін мас күйінде рульге отырмау қажеттігін ескертеді. Жүргізушілер есіңізде болсын, сіздің өміріңіз ғана емес, сонымен қатар жолаушылар мен жақындарыңыздың қауіпсіздігі мен денсаулығы жол қозғалысы ережелерін сақтауға байланысты. Сондай-ақ, ауа-райының нашарлауына байланысты жолдарда абай болу керек және қашықтық пен жылдамдықты сақтау қажет .

Түркістан облысы ПД-нің баспасөз қызметі

ShareTweetPin
Next Post
Түркістан облысының полицейлері тұрғынның үйіне ұрлыққа түскен күдіктіні ұстады

Түркістан облысының полицейлері тұрғынның үйіне ұрлыққа түскен күдіктіні ұстады

Түркістан облысының полицейлері карантиндегі кезекті тойды тоқтатты

Түркістан облысының полицейлері карантиндегі кезекті тойды тоқтатты

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Online оқи жүріңіз!

Currently Playing

Ең көп қаралғаны

  • Түркістан қаласында 5 адамның өліміне қатысы бар екі ЖШС-ның директоры 4 жылға бас бостандықтарынан айырылды

    Түркістан қаласында 5 адамның өліміне қатысы бар екі ЖШС-ның директоры 4 жылға бас бостандықтарынан айырылды

    0 shares
    Share 0 Tweet 0
  • Түркістан облысының полицейлері екінші рет мас халде көлік басқарған жүргізушіні ұстады

    0 shares
    Share 0 Tweet 0
  • Полицейлер рейдтік шара кезінде кеурек өсімдігін қазған 51 шетелдікті анықтады

    0 shares
    Share 0 Tweet 0
  • Түркістан қаласында орнатылған бірқатар бейнебақылау камералары 1 наурыздан бастап іске қосылмақ

    0 shares
    Share 0 Tweet 0
  • Су қоймада жанжал көтерген азаматтан пышақ тәркіленіп алынды.

    0 shares
    Share 0 Tweet 0

Басылым жайлы

Меншік иесі: "ЖК Туганбаев Б."

Бас редактор: Базаркүл Ақынқызы


Мекенжай:

Шымкент қаласы,16 ықшам ауданы,20-үй,6-пәтер

e-mail:arnat20@mail.ru

Мұрағат

  • Февраль 2024
  • Июль 2023
  • Май 2023
  • Апрель 2023
  • Март 2023
  • Февраль 2023
  • Январь 2023
  • Декабрь 2022
  • Ноябрь 2022
  • Октябрь 2022
  • Сентябрь 2022
  • Август 2022
  • Июль 2022
  • Июнь 2022
  • Май 2022
  • Апрель 2022
  • Март 2022
  • Февраль 2022
  • Январь 2022
  • Декабрь 2021
  • Ноябрь 2021
  • Октябрь 2021
  • Сентябрь 2021
  • Август 2021
  • Июль 2021
  • Июнь 2021
  • Май 2021
  • Апрель 2021
  • Март 2021
  • Февраль 2021
  • Январь 2021
  • Декабрь 2020
  • Ноябрь 2020
  • Октябрь 2020
  • Сентябрь 2020
  • Май 2020
  • Апрель 2020

Біз әлеуметтік желіде

No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Аймақ айшығы
  • Әріптес келбеті
  • Қоғам және заң
  • Түркістан облысы

© 2020 102 құқықтық, ақпараттық-танымдық басылым