Сарыағаш аудандық полиция бөліміне жергілікті тұрғыннан белгісіз тұлғаның көшеде есірткіге ұқсас затты қолданып жүргені жайында хабарлама келіп түседі.
Аталған жайт ҚР ҚК-нің 296-бабы 2-бөлігімен «Есiрткi, психотроптық заттарды, сол тектестерді өткізу мақсатынсыз заңсыз дайындау, қайта өңдеу, иемдену, сақтау, тасымалдау» бойынша тіркелді-деп хабарлайды 102info.kz ақпарат агенттігі Түркістан облысы полиция департаментіне сілтеме жасап.
Жедел-іздестіру іс-шарасы барысында Сарыағаш АПБ-нің полиция қызметкерлері күдіктіні көшелердің бірінен құрықтады. Полиция қызметкерлері одан айғақты зат ретінде 2 граммнан астам «марихуана» тәркіледі. Аталған жайт бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.
Түркістан облысы полиция қызметкерлері азаматтарға заңсыз есірткі сақтап немесе көшеде заңсыз қолданып, сатқандарға қылмыстық жауаптылық барын ескертеді. Сондай-ақ, тәртіп сақшылары облыс тұрғындарын салауатты өмір салтын ұстануға және зиянды әдеттерден бас тартуға шақырады. Егер сіз есірткіге қатысты мәселеге тап болсаңыз немесе осы салада қылмыс жасауға байланысты ақпаратты білсеңіз, тез арада полицияның «102» телефоны бойынша хабар беріңіздер.
ТО ПД-нің баспасөз қызметі




