Қайырымдылық қасиеті бойларынан табыла білген облыс полицейлері сын сағаттарда аз қамтылған отбасыларға барынша материалдық көмек көрсетіп, қолдау танытуда. Үнемі мерекелер қарсаңында көмекке мұқтаж жандарға жәрдем беруге асығатын полиция қызметкерлері, елімізде карантин жарияланғалы бері ізгілікті ту еткен іс шараларын одан әрі де жалғастыра түсті-деп хабарлайды 102info.kz ақпарат агенттігі Түркістан облысы полиция департаментіне сілтеме жасап.
Мәселен, Мақтаарал ауданының полицейлері бір қойды құрбандыққа шалып, үш бөлікке бөліп, қосымша азық-түлік өнімдерімен қоса жағдайы төмен яғни Мақтаарал ауданының тұрғындары отағасынан жастайынан жесір қалған 3-баланың аналары М.Исламова және С.Ибрагимоваға және 5-баланың анасы (отағасы түзеу мекемесінде) отбасыларына барып хәл-жағдайын сұрап, үлестіріп берді.
Өз кезегінде тағдыр тауқыметін тартқан аналар тәртіп сақшыларына және қайырымды қызметкерлерді басқарып отырған басшыларына алғыстарын жаудырып, аналық ақ тілектерін білдірді. Осындай игі іс-шараларды Мақтаарал аудандық полиция бөлімі алдағы уақытта ай сайын ұйымдастырып тұрмақ.
Қашанда қолдан келгенше қайырымдылық жасауды өздеріне парыз еткен ел қорғандары, жақсылық жасау — имандылықтың, тәрбиеліліктің, парасаттылықтың айқын көрінісі. «Не берсең де балаға бер, бала үшін жаса» — деген халқымыздың игі дәстүрін алға тартып, қазіргі кезде қайырымдылықты іс-тәжірибелерімен жалғастырылып келеді.
ТО ПД-нің баспасөз қызметі




