102info.kz
  • Жаңалықтар
  • Аймақ айшығы
  • Әріптес келбеті
  • Қоғам және заң
  • Түркістан облысы
  • Байланыс
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Аймақ айшығы
  • Әріптес келбеті
  • Қоғам және заң
  • Түркістан облысы
  • Байланыс
No Result
View All Result
102info.kz
No Result
View All Result
Home Түркістан облысы

Түркістан облысының полицейлері сауда орталығының бірінен 7 миллион теңгенің алтын бұйымдарын ұрлаған күдіктіні ұстады

12 ноября, 2020
0
Түркістан облысының полицейлері сауда орталығының бірінен 7 миллион теңгенің алтын бұйымдарын ұрлаған күдіктіні ұстады

Түркістан ҚПБ кезекші бөлімінің 102 пультіне сауда орталықтарының біріне белгісіз ер адам кіріп, қару-жарақпен қорқытып, күш қолданып алтын бұйымдарды ұрлап, қашып кеткені туралы хабарлама келіп түсті. Жәбірленушіге келтірілген шығынның жалпы көлемі шамамен 7 миллион теңгені құрады. Аталған фактіні полиция қызметкерлері ҚР ҚК-нің 192-бабы «Қарақшылық» бойынша СДТБТ-ға тіркеп, күдікті адамды іздестіруге кірісті-деп хабарлайды 102info.kz ақпарат агенттігі Түркістан облысы полиция департаментіне сілтеме жасап.
Қарақшылық шабуылдың тапа тал түсте облыс орталығының көшесінде орын алғанын ескере отырып, Полиция департаментінде тәжірибелі қызметкерлер қатарынан жедел-тергеу тобы құрылды. Жедел уәкілдер қылмыс орнын мұқият қарап, бейнебақылау камераларын зерттеп, ықтимал куәгерлерден жауап алды. Полиция әр аула мен көшені аралады, қылмыскердің ұрланған заттарды сатуы мүмкін ломбардтар мен сатып алушыларды тексерді.
Екі күннен кейін жедел шаралар барысында арнайы құрылған іздестіру тобының қызметкерлері күдіктінің ізіне түсті. Оны Кентау қаласы көшелерінің бірінен ұстады. Күдікті жұмыссыз, Түркістан қаласының тұрғыны болып шықты. Ұсталған азамат полиция басқармасына жеткізіліп, УҰИ-ға қамауға алынды.
Тергеу барысында анықталғандай, қарақшылық шабуылдан кейін күдікті қалалық жолдар арқылы қашып кеткен. Жас жігіт бейнекамералар мен іздестіруден құтылу үшін киімін басқа киімге ауыстырып алып, таксиге отырып Кентау қаласына қарай бет алған. Бұл қарақшылық жасаған күдіктіні іздеуге екі күн жұмсаған жедел уәкілдердің жұмысын қиындатты. Белгілі болғандай, көрші қалада күдікті ломбардқа алтын бұйымдардың бірін тапсырып, ал ақшасын өз қажеттілігіне жұмсаған.
Қазіргі уақытта Түркістан ҚПБ-ның тергеушілерімен қарақшылық шабуыл дерегі бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде. Ұрланған алтын бұйымдары айғақты зат ретінде тәркіленіп алынып, заңды иесіне қайтарылды. Тергеу жалғасуда.
Өз кезегінде қарақшылық шабуылға тап болып, алтындарынан айырылған тұрғын, алтындарын тауып, күдіктіні ұстаудағы полицейлердің тиянақты жұмысына алғысын білдірді. «Өзім қатты қорқып қалдым. Күндіз шабуыл жасап, бар алтынымды алып кетті. Содан бірден полицейлерге арыздандым. Тәртіп сақшылары екі күн ішінде күдіктіні ұстап, алтындарымды қайтарып берді. Алғысым шексіз. Полицейлердің жұмысына табыс тілеймін!»-деп шынайы ризашылығын жеткізді.
Түркістан облысының полицейлері азаматтар мен сауда үй-жайларының иелеріне қырағы болу және бағалы заттарды қараусыз қалдырмау қажеттігін ескертеді. Сондай-ақ қылмыстық қолсұғушылықты болдырмау үшін сауда және өзге де үй-жайларда бейнебақылау камералары мен күзет дабылын орнату керек. Терезелер мен есіктер темір торлармен және сенімді құлыптармен жабдықталуы тиіс. Егер сіз қарақшылық шабуылдың немесе тонаудың құрбаны не куәгері болсаңыз, тез арада 102 телефоны бойынша полицияға хабарласыңыз.

Түркістан облысы ПД баспасөз қызметі

ShareTweetPin
Next Post
Түркістан облысының полицейлері 57 млн теңге алаяқтыққа қатысы бар күдіктіні ұстады

Түркістан облысының полицейлері 57 млн теңге алаяқтыққа қатысы бар күдіктіні ұстады

Түркістан облысында полицейлер ойын залын тонаған күдіктіні ұстады

Түркістан облысында полицейлер ойын залын тонаған күдіктіні ұстады

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Online оқи жүріңіз!

Currently Playing

Ең көп қаралғаны

  • Түркістан қаласында 5 адамның өліміне қатысы бар екі ЖШС-ның директоры 4 жылға бас бостандықтарынан айырылды

    Түркістан қаласында 5 адамның өліміне қатысы бар екі ЖШС-ның директоры 4 жылға бас бостандықтарынан айырылды

    0 shares
    Share 0 Tweet 0
  • Түркістан облысының полицейлері екінші рет мас халде көлік басқарған жүргізушіні ұстады

    0 shares
    Share 0 Tweet 0
  • Полицейлер рейдтік шара кезінде кеурек өсімдігін қазған 51 шетелдікті анықтады

    0 shares
    Share 0 Tweet 0
  • Түркістан қаласында орнатылған бірқатар бейнебақылау камералары 1 наурыздан бастап іске қосылмақ

    0 shares
    Share 0 Tweet 0
  • Су қоймада жанжал көтерген азаматтан пышақ тәркіленіп алынды.

    0 shares
    Share 0 Tweet 0

Басылым жайлы

Меншік иесі: "ЖК Туганбаев Б."

Бас редактор: Базаркүл Ақынқызы


Мекенжай:

Шымкент қаласы,16 ықшам ауданы,20-үй,6-пәтер

e-mail:arnat20@mail.ru

Мұрағат

  • Февраль 2024
  • Июль 2023
  • Май 2023
  • Апрель 2023
  • Март 2023
  • Февраль 2023
  • Январь 2023
  • Декабрь 2022
  • Ноябрь 2022
  • Октябрь 2022
  • Сентябрь 2022
  • Август 2022
  • Июль 2022
  • Июнь 2022
  • Май 2022
  • Апрель 2022
  • Март 2022
  • Февраль 2022
  • Январь 2022
  • Декабрь 2021
  • Ноябрь 2021
  • Октябрь 2021
  • Сентябрь 2021
  • Август 2021
  • Июль 2021
  • Июнь 2021
  • Май 2021
  • Апрель 2021
  • Март 2021
  • Февраль 2021
  • Январь 2021
  • Декабрь 2020
  • Ноябрь 2020
  • Октябрь 2020
  • Сентябрь 2020
  • Май 2020
  • Апрель 2020

Біз әлеуметтік желіде

No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Аймақ айшығы
  • Әріптес келбеті
  • Қоғам және заң
  • Түркістан облысы

© 2020 102 құқықтық, ақпараттық-танымдық басылым