Сайрам АПБ-ға жергілікті тұрғыннан арыз түседі. Ол арызында белгісіз танымайтын тұлға сеніміне кіріп мүгедектікке рәсімдеп беремін деп 100 000 теңге ақшасын алып, алдап бермей жүргенін айтады. Ер адам алаяқтың құрбаны болғанын түсінгеннен кейін, ол полицияға барып көмек сұрады-деп хабарлайды 102info.kz ақпарат агенттігі Түркістан облысы полиция департаментіне сілтеме жасап.
Аталған жайт ҚР ҚК-нің 190-бабы «Алаяқтық» бойынша тіркелді. Бұл іс бойынша полицейлер жедел іздестру жұмыстарын жүргізді. Жан жақты тексеріп күдікті деген адамдардан жауап алу жұмысын бастап кетті.
Нәтижесінде күдікті азаматты 1 күн ішінде полицейлер ұстады. Тергеушілердің күдіктіден жауап алу барысында жәбірленушіге жалған ақпарат беріп, түрлі сылтаулар мен карантин режимін айтып ақшасын бермей уақытын ұзартып жүрген. Осылайша күдікті ер азамат пайдакүнемдік ниетпен алаяқтық жолмен оңай ақша тапқысы келген. Алаяқ алынған ақшаны өз қажеттілігіне жұмсап жіберген. Ол ешқайда кетпеу туралы қолхатта. Қазіргі таңда ұсталған ер азаматқа қатысты тергеу амалдары жүруде.
Түркістан облысы полицейлері облыс тұрғындарына ешкімге сенбеуді, алаяқтың арбауына түсіп қалмауды ескертеді.
ТО ПД-нің баспасөз қызметі




