102info.kz
  • Жаңалықтар
  • Аймақ айшығы
  • Әріптес келбеті
  • Қоғам және заң
  • Түркістан облысы
  • Байланыс
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Аймақ айшығы
  • Әріптес келбеті
  • Қоғам және заң
  • Түркістан облысы
  • Байланыс
No Result
View All Result
102info.kz
No Result
View All Result
Home Түркістан облысы

Түркістан облысының тұрғыны тыйым салынған материалдарды таратқаны үшін екі жылға бас бостандығынан айырылды

6 ноября, 2020
0
Түркістан облысының тұрғыны тыйым салынған материалдарды таратқаны үшін екі жылға бас бостандығынан айырылды

Жедел-іздестіру іс-шараларының нәтижесінде Түркістан облысы ПД Экстремизмге қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері әлеуметтік желілерде ҚР аумағында тыйым салынған деструктивті ағым көшбасшыларының аудиожазбаларын таратқан деген күдікпен Бәйдібек ауданының тұрғынын ұстады. Аталған жайтты полиция қызметкерлері ҚР ҚК-нің 174-бабы 1-бөлігі «әлеуметтік, ұлттық, рулық, нәсілдік, тектік-топтық немесе діни алауыздықты қоздыру» бойынша СДТБТ-ға тіркеді. Заттай дәлелдемелер ретінде тәртіп сақшылары көрсетілген аудиожазбаларды алып, сараптамаға жіберді-деп хабарлайды 102info.kz ақпарат агенттігі Түркістан облысы полиция департаментіне сілтеме жасап.
Өз кезегінде сақшылар сотқа дейінгі тергеудің жиналған материалдарын заңды процессуалдық шешім қабылдау үшін сотқа жіберді. Нәтижесінде, аудандық соттың шешімімен Бәйдібек ауданының тұрғыны кінәлі деп танылып, екі жылға бас бостандығынан айырылды.
Экстремизмге қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері діни деструктивті сипаттағы тыйым салынған материалдарды анықтау бойынша әлеуметтік желілерге мониторинг жүргізу бойынша тұрақты негізде жұмыс жүргізіп жатқанын атап өткіміз келеді. Сонымен қатар, Түркістан облысының полицейлері алдын алу, қоғамдық тәртіпті қамтамасыз ету және азаматтардың конституциялық құқықтарын қорғау аясында түрлі жедел-профилактикалық іс-шаралар мен кездесулерге қатысуда.
Мысалы, Түркістан облысы әкімдігінде «Қазақстан Республикасында бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу тәртібі туралы» ҚР Заңының талаптарын түсіндіру мәселелеріне байланысты Түркістан облысы ПД экстремизмге қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері, жергілікті полиция қызметі, облыс әкімдігі мен ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің және т.б. өкілдердің қатысуымен оқыту семинары өтті.
Кездесу барысында семинарға қатысушылар азаматтардың құқықтары мен бейбіт жиналыстарды өткізу тәртібі, адамдармен жұмыс істеу әдістері, белсенді коммуникация тәсілдері және т.б. мәселелерді талқылады.
Семинар соңында қатысушылар бейбіт жиналыстар кезінде диалог жүргізу бойынша тәжірибелік кеңестермен алмасты, тактикалық тәсілдер мен коммуникация әдістерін де талқылады. Қатысушылар атап өткендей, полицияның, жергілікті билік органдарының және басқа да қатысушылардың үйлесімді іс-әрекеттерінің арқасында митингілер мен шерулер бейбіт аяқталуы тиіс, бұл ретте барлық қатысушылардың қауіпсіздігін, адамның конституциялық құқықтары мен бостандықтарының сақталуын қамтамасыз ету қажет.

ТО ПД-нің баспасөз қызметі

ShareTweetPin
Next Post
Шымкент қаласының Полиция департаментінде ағымдағы жылдың 9 айындағы тәртіп пен заңдылықтың жай-күйі мен алдағы кезеңге арналған міндеттер бойынша кеңес өтті.

Шымкент қаласының Полиция департаментінде ағымдағы жылдың 9 айындағы тәртіп пен заңдылықтың жай-күйі мен алдағы кезеңге арналған міндеттер бойынша кеңес өтті.

Түркістан облысының полицейлері онлайн-алаяқтық жасады деген күдікпен  Жамбыл облысының тұрғынын ұстады

Түркістан облысының полицейлері онлайн-алаяқтық жасады деген күдікпен Жамбыл облысының тұрғынын ұстады

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Online оқи жүріңіз!

Currently Playing

Ең көп қаралғаны

  • Түркістан қаласында 5 адамның өліміне қатысы бар екі ЖШС-ның директоры 4 жылға бас бостандықтарынан айырылды

    Түркістан қаласында 5 адамның өліміне қатысы бар екі ЖШС-ның директоры 4 жылға бас бостандықтарынан айырылды

    0 shares
    Share 0 Tweet 0
  • Түркістан облысының полицейлері екінші рет мас халде көлік басқарған жүргізушіні ұстады

    0 shares
    Share 0 Tweet 0
  • Полицейлер рейдтік шара кезінде кеурек өсімдігін қазған 51 шетелдікті анықтады

    0 shares
    Share 0 Tweet 0
  • Түркістан қаласында орнатылған бірқатар бейнебақылау камералары 1 наурыздан бастап іске қосылмақ

    0 shares
    Share 0 Tweet 0
  • Су қоймада жанжал көтерген азаматтан пышақ тәркіленіп алынды.

    0 shares
    Share 0 Tweet 0

Басылым жайлы

Меншік иесі: "ЖК Туганбаев Б."

Бас редактор: Базаркүл Ақынқызы


Мекенжай:

Шымкент қаласы,16 ықшам ауданы,20-үй,6-пәтер

e-mail:arnat20@mail.ru

Мұрағат

  • Февраль 2024
  • Июль 2023
  • Май 2023
  • Апрель 2023
  • Март 2023
  • Февраль 2023
  • Январь 2023
  • Декабрь 2022
  • Ноябрь 2022
  • Октябрь 2022
  • Сентябрь 2022
  • Август 2022
  • Июль 2022
  • Июнь 2022
  • Май 2022
  • Апрель 2022
  • Март 2022
  • Февраль 2022
  • Январь 2022
  • Декабрь 2021
  • Ноябрь 2021
  • Октябрь 2021
  • Сентябрь 2021
  • Август 2021
  • Июль 2021
  • Июнь 2021
  • Май 2021
  • Апрель 2021
  • Март 2021
  • Февраль 2021
  • Январь 2021
  • Декабрь 2020
  • Ноябрь 2020
  • Октябрь 2020
  • Сентябрь 2020
  • Май 2020
  • Апрель 2020

Біз әлеуметтік желіде

No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Аймақ айшығы
  • Әріптес келбеті
  • Қоғам және заң
  • Түркістан облысы

© 2020 102 құқықтық, ақпараттық-танымдық басылым