102info.kz
  • Жаңалықтар
  • Аймақ айшығы
  • Әріптес келбеті
  • Қоғам және заң
  • Түркістан облысы
  • Байланыс
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Аймақ айшығы
  • Әріптес келбеті
  • Қоғам және заң
  • Түркістан облысы
  • Байланыс
No Result
View All Result
102info.kz
No Result
View All Result
Home Түркістан облысы

Түркістан облысының полицейлері есірткі тасымалдаушылардан 1 центнерден астам марихуана тәркіледі

2 ноября, 2020
0
Түркістан облысының полицейлері есірткі тасымалдаушылардан 1 центнерден астам марихуана тәркіледі

Бүгін брифингте Түркістан облысы Полиция департаменті бастығының орынбасары полиция подполковнигі Құрманбек Сахов облыс аумағынан аса ірі көлемде есірткіні заңсыз тасымалдаудың екі жайтының жолы кесілгендігін айтты:
— Өткен жұма және сенбі күндері «Қарасора» мен «Құқықтық тәртіп» жедел-профилактикалық іс-шаралары аясында полицейлер есірткі заттарының екі ірі партиясын тәркіледі. Есірткі қылмысына қарсы іс — қимыл басқармасының қызметкерлері мен Түркістан облысы ПД ЖПҚ патрульдік полиция батальонының бірлескен операциясы нәтижесінде бірінші жайт бойынша 60 кг марихуана, ал екіншісінде 48 келі есірткі тәркіленді-деп хабарлайды 102info.kz ақпарат агенттігі Түркістан облысы полиция департаментіне сілтеме жасап.
Нақтылап айтар болсақ, патрульдік полицейлер республикалық маңызы бар Алматы-Ташкент-Термез автожолының 594 шақырымында жол қауіпсіздігін қамтамасыз ету қызметін атқару барысында жол ережесін бұзған «Мазда» маркалы автокөлігін тоқтатады. Көлік құжаттарын тексеру кезінде тәртіп сақшылары ашуға бой алдырып, қарсылық көрсетуге тырысқан жүргізуші мен оның жолаушысының мінез-құлқынан күмәнданады. Сондықтан болып жатқан жағдайды ескере отырып, полицейлер көлікті түгелдей тексермекке бел буады.
Нәтижесінде олар көліктің жүксалғышынан есірткі затына ұқсас өткір иісі бар 6 үлкен полиэтилен қапшығын тәркіледі. Сараптамаға сәйкес, қапшықтардағы заттың жалпы салмағы 60 келіні құраған марихуана болып шықты. Қазіргі уақытта «Мазда» жолаушысы, яғни бұрын сотталған Жамбыл облысының тұрғыны уақытша ұстау абақтысына қамалды. Күдіктінің сөзіне қарағанда, ол бұл жүктерді Шымкент қаласына жеткізбекші болған.
Ал келесі күні патрульдік полиция қызметкерлері Түлкібас ауданында Алматы-Ташкент-Термез автожолының 651 шақырымында қатты жылдамдықпен келе жатқан Жамбыл облысы тұрғынының басқаруындағы «Ауди-100» автокөлігін тоқтатты. Тексеру барысында Жамбыл облысының тұрғыны, яғни жүргізуші мас халде болған. Содан соң көліктің салонын тексеру кезінде құрамында өсімдік тектес есірткі заты бар 3 полиэтилен қапшықты тәркіледі. Сараптама қорытындысы бойынша тәркіленген заттар жалпы салмағы 48 келі шығатын марихуана екендігі анықталды. Бұрын сотты болған «Ауди 100» автокөлігінің жүргізушісі жолаушысымен бірге Шымкент қаласына қарай есірткіні тасымалдамақшы болған.
Қазіргі уақытта аталған жайттар бойынша ҚР ҚК-нің 296 «Есірткіні өткізу мақсатынсыз заңсыз пайдалану» мен 297 «Есірткіні өткізу мақсатында заңсыз сақтау,тасымалдау немесе өткізу» баптарымен сотқа дейінгі тергеу жұмыстары басталды.
Бүгінгі таңда күдіктілердің осы қылмыстарға қатыстылығы толығымен тексерілуде, сондай — ақ есірткі құралдарын жеткізу арналары анықталуда, — деп түйіндеді полиция подполковнигі Құрманбек Сахов.

Түркістан облысы ПД баспасөз қызметі.

ShareTweetPin
Next Post
Түркістан облысы полицейлері ойнап жүріп, адасып қалған 4 жасар баланы үйіне қайтарды

Түркістан облысы полицейлері ойнап жүріп, адасып қалған 4 жасар баланы үйіне қайтарды

Түркістан облысының тұрғыны өз ұлын  учаскелік инспектордың есімімен атайды

Түркістан облысының тұрғыны өз ұлын учаскелік инспектордың есімімен атайды

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Online оқи жүріңіз!

Currently Playing

Ең көп қаралғаны

  • Түркістан қаласында 5 адамның өліміне қатысы бар екі ЖШС-ның директоры 4 жылға бас бостандықтарынан айырылды

    Түркістан қаласында 5 адамның өліміне қатысы бар екі ЖШС-ның директоры 4 жылға бас бостандықтарынан айырылды

    0 shares
    Share 0 Tweet 0
  • Түркістан облысының полицейлері екінші рет мас халде көлік басқарған жүргізушіні ұстады

    0 shares
    Share 0 Tweet 0
  • Полицейлер рейдтік шара кезінде кеурек өсімдігін қазған 51 шетелдікті анықтады

    0 shares
    Share 0 Tweet 0
  • Түркістан қаласында орнатылған бірқатар бейнебақылау камералары 1 наурыздан бастап іске қосылмақ

    0 shares
    Share 0 Tweet 0
  • Су қоймада жанжал көтерген азаматтан пышақ тәркіленіп алынды.

    0 shares
    Share 0 Tweet 0

Басылым жайлы

Меншік иесі: "ЖК Туганбаев Б."

Бас редактор: Базаркүл Ақынқызы


Мекенжай:

Шымкент қаласы,16 ықшам ауданы,20-үй,6-пәтер

e-mail:arnat20@mail.ru

Мұрағат

  • Февраль 2024
  • Июль 2023
  • Май 2023
  • Апрель 2023
  • Март 2023
  • Февраль 2023
  • Январь 2023
  • Декабрь 2022
  • Ноябрь 2022
  • Октябрь 2022
  • Сентябрь 2022
  • Август 2022
  • Июль 2022
  • Июнь 2022
  • Май 2022
  • Апрель 2022
  • Март 2022
  • Февраль 2022
  • Январь 2022
  • Декабрь 2021
  • Ноябрь 2021
  • Октябрь 2021
  • Сентябрь 2021
  • Август 2021
  • Июль 2021
  • Июнь 2021
  • Май 2021
  • Апрель 2021
  • Март 2021
  • Февраль 2021
  • Январь 2021
  • Декабрь 2020
  • Ноябрь 2020
  • Октябрь 2020
  • Сентябрь 2020
  • Май 2020
  • Апрель 2020

Біз әлеуметтік желіде

No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Аймақ айшығы
  • Әріптес келбеті
  • Қоғам және заң
  • Түркістан облысы

© 2020 102 құқықтық, ақпараттық-танымдық басылым