«Құқықтық тәртіп» іс-шараның 3 күндік нәтижесінде төмендегі көрсеткіштерге қол жеткізілді-деп хабарлайды 102info.kz ақпарат агенттігі Шымкент қаласы полиция департаментіне сілтеме жасап.
— Тыйым салынған заттарды ұстап жүргені бойынша -17 дәйек анықталды;
— Есепте тұрған тұлғалар тарапынан қойылған шектеулерді бұзу -10 фактісі анықталған, мерзімінен бұрын бостылғандардан -7, ерекше талаптарды бұзғаны үшін -3;
— Жалпы 2861 әкімшілік құқықбұзушылық анықталды;
— Іс-шара барысында уақытша бейімдеу және уытсыздандыру орталығына -62 азамат жеткізілді.
— Дактилоскопиядан -769 тұлға өткізілді және барлығы ішкі істер органдарының фото-бейне есебіне алынды.
Еске сала кеткейік, Шымкент қаласы Полиция департаментінің қызметкерлерімен ағымдағы жылдың 26 қазанынан бастап 1 қарашасы аралығында «Құқықтық тәртіп» жедел-профилактикалық іс-шарасы өткізілуде. Аталған іс-шараның мақсаты құқықтық тәртіпті сақтау, қала аумағындағы қоғамдық орындарда құқық бұзушылықтардың және қылмыстардың алдын алу, жолын кесу болып табылады.
Құрметпен,
Шымкент қаласының ПД




