Келес АПБ-не жергілікті тұрғын арызданды. Оның айтуынша аудан көшелерінің бірінде орналасқан ойынханасына белгісіз тұлға жасырын түрде кіріп, 4 дана ойын құрылғылары ұрлап кеткен. Жәбірленушіге келтірілген шығын көлемі 800 мың теңгеге жуық.
Аталған жайт ҚР ҚК-нің 188-бабы «Ұрлық» бойынша СДТБТ-ға тіркелді. Осыған байланысты тәжірибелі тәртіп сақшыларынан жедел-іздестіру тобы құрылып, күдіктіні анықтауға кірісті. Тәртіп сақшылары қылмысты ашу мақсатында жүргізілген іс-шаралардың нәтижесінде 4 азаматтан құралған қылмыстық топты ұстады. Тексеру барысында белгілі болғандай күдіктілердің бірі жергілікті азамат, қалғандары Шымкент қаласының тұрғындары болып шықты. Олардан жауап алу кезінде бұдан алдын да осындай қылмыс жасағандары белгілі болды. Сонымен қатар күдіктілер қолды болған заттарды ломбардқа өткізіп, ақшасын бас пайдаларына жұмсаған. Қазіргі таңда полиция қызметкерлерінің атқарған жұмыстарының нәтижесінде айғақты заттар алынып, заңды иесіне қайтарылды.
Сондай-ақ қылмыстық іс бойынша күдіктілердің іс әрекеттері өз дәлелін тауып, айыптау актісімен бірге Келес аудандық прокуратурасына жолданған.
Түркістан облысының полицейлері азаматтарға кеңселер мен дүкендерге, сауда орындары мен жекеменшік иелігіндегі нысандарға сақтық үшін бейнекамера орнатып, темір торлармен жабдықтауға кеңес береді.
ТО ПД-нің баспасөз қызметі




