Түркістан қалалық полиция басқармасының кезекші бөліміне жергілікті тұрғын ұрлық туралы арызымен жүгінді. Ер адамның айтуынша, оның туысының зейнетақы кәртішкесінен белгісіз жағдайда ақша алынып, 900 000 теңге көлемінде шығын келген. Бұл жайтты полиция қызметкерлері ҚР ҚК 188-бабы «Ұрлық» бойынша тіркеді.
Қылмысты ашу мақсатында түркістандық тәжірибелі полицейлерден жедел-тергеу тобы құрылып, іздестіру жұмыстарын жүргізді. Қабылданған шаралардың нәтижесінде бөтеннің мүлкін ұрлаған күдіктінің жеке басы анықталды. Тәртіп сақшылары күдікті әйелді басқармаға жеткізді. Ол облыс орталығының тұрғыны болып шықты.
Белгілі болғандай, күдікті жәбірленушінің жеке деректерін пайдаланып, «оңай пайда табу» мақсатында оның шотынан заңсыз ақша алған. Қазіргі уақытта сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде. Оқиғаның толық мән-жайы анықталуда.
Полиция қызметкерлері азаматтарға ақшаны немесе басқа мүлкі ұрланбауы үшін қырағы болуға және бағалы заттарына, жеке мәліметтеріне сақ болуды ескертеді. Егер де сіз, осындай қылмыстардың құрбаны немесе куәсі болсаңыз, дереу полицияға хабарласыңыз.




