102info.kz
  • Жаңалықтар
  • Аймақ айшығы
  • Әріптес келбеті
  • Қоғам және заң
  • Түркістан облысы
  • Байланыс
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Аймақ айшығы
  • Әріптес келбеті
  • Қоғам және заң
  • Түркістан облысы
  • Байланыс
No Result
View All Result
102info.kz
No Result
View All Result
Home Түркістан облысы

Түркістан облысында психотроптық дәрі-дәрмектерді сатқан әйел ұсталды

12 мая, 2022
0
Түркістан облысында психотроптық дәрі-дәрмектерді сатқан әйел ұсталды

Естуші мемлекет аясында ашықтықты қамтамасыз ету үшін Түркістан облысының әкімі Ө.Шөкеев облыс тұрғындарымен кездесу өткізіп, олардың мұң-мұқтажын тыңдауды дәстүрге айналдырған. Осындай кезекті  облыс әкімінің азаматтарды қабылдауы Келес ауданында ұйымдастырылды. Келестік тұрғындар облыс әкіміне көкейдегі мәселелерін жеткізіп, жауаптарын алды. Оның ішінде тұрғындардың бірқатары, ауылдастарының бірі үйінде құрамында есірткісі бар, сатуға тыйым салынған дәрі-дәрмектерді сатуы мүмкін деген арыз-шағымдарын айтып, осы бойынша полицейлерге тапсырма берілуін сұрады.

Түркістан облысы Полиция департаментінің бастығы полиция генерал-майоры Мұрат Қабденов, тұрғындар тарапынан келіп түскен осы ақпаратқа бірден  назар аударды. Облыстың бас полицейі оқиғаның мән-жайын анықтап, тексеру жұмыстарын жүргізу үшін ПД-нің тәжірибелі тәртіп сақшыларынан жедел топ құрды. Аталған полицейлер шұғыл Келес ауданына іссапармен шықты. Полицейлер қажетті тексеру амалдарын жүргізді. Куәлардан жауап алды. Күдіктінің тұрғылықты мекенжайын анықтады. Осылайша жедел-іздестіру іс-шарасының нәтижесінде тәртіп сақшылары, тұрғынның құрамында есірткісі бар дәріні сатып жатқан сәтіне куә болды. Яғни полицейлер күдікке ілінген үйге келген сәтте, анықталған мекенжайға кіріп-шыққан тұрғынды байқап, одан бірден жауап алды. Онымен тілдесу барысында тұрғын, аталмыш үйден 10 пластина «Трамадол» дәрісін сатып алып шыққаны белгілі болды.

Анықталған іс бойынша, үй иесін тексеру кезінде 61 жастағы әйел өз кінәсін мойындап, полицейлерге тағы 35 дана пластина дәріні өз еркімен тапсырған. Аталған дерек Келес АПБ-ға тіркеуге алынды. Қазіргі таңда полиция тарапынан қажетті іс-шаралар өткізіліп, жинақталған іс құжаттар заңды шешім қабылдау үшін Түркістан облысы бойынша фармацевтикалық бақылау департаментіне жолданды.

 

ShareTweetPin
Next Post
Полиция департаменті бастығының орынбасары Қ.Сахов Мемлекет басшысының тапсырмасын іске асыру мақсатында маңызды жиналыс өткізді

Полиция департаменті бастығының орынбасары Қ.Сахов Мемлекет басшысының тапсырмасын іске асыру мақсатында маңызды жиналыс өткізді

Полицейлер ауласына көкнәр еккен егде жастағы әйелді ұстады

Полицейлер ауласына көкнәр еккен егде жастағы әйелді ұстады

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Online оқи жүріңіз!

Currently Playing

Ең көп қаралғаны

  • Түркістан қаласында 5 адамның өліміне қатысы бар екі ЖШС-ның директоры 4 жылға бас бостандықтарынан айырылды

    Түркістан қаласында 5 адамның өліміне қатысы бар екі ЖШС-ның директоры 4 жылға бас бостандықтарынан айырылды

    0 shares
    Share 0 Tweet 0
  • Түркістан облысының полицейлері екінші рет мас халде көлік басқарған жүргізушіні ұстады

    0 shares
    Share 0 Tweet 0
  • Полицейлер рейдтік шара кезінде кеурек өсімдігін қазған 51 шетелдікті анықтады

    0 shares
    Share 0 Tweet 0
  • Түркістан қаласында орнатылған бірқатар бейнебақылау камералары 1 наурыздан бастап іске қосылмақ

    0 shares
    Share 0 Tweet 0
  • Су қоймада жанжал көтерген азаматтан пышақ тәркіленіп алынды.

    0 shares
    Share 0 Tweet 0

Басылым жайлы

Меншік иесі: "ЖК Туганбаев Б."

Бас редактор: Базаркүл Ақынқызы


Мекенжай:

Шымкент қаласы,16 ықшам ауданы,20-үй,6-пәтер

e-mail:arnat20@mail.ru

Мұрағат

  • Февраль 2024
  • Июль 2023
  • Май 2023
  • Апрель 2023
  • Март 2023
  • Февраль 2023
  • Январь 2023
  • Декабрь 2022
  • Ноябрь 2022
  • Октябрь 2022
  • Сентябрь 2022
  • Август 2022
  • Июль 2022
  • Июнь 2022
  • Май 2022
  • Апрель 2022
  • Март 2022
  • Февраль 2022
  • Январь 2022
  • Декабрь 2021
  • Ноябрь 2021
  • Октябрь 2021
  • Сентябрь 2021
  • Август 2021
  • Июль 2021
  • Июнь 2021
  • Май 2021
  • Апрель 2021
  • Март 2021
  • Февраль 2021
  • Январь 2021
  • Декабрь 2020
  • Ноябрь 2020
  • Октябрь 2020
  • Сентябрь 2020
  • Май 2020
  • Апрель 2020

Біз әлеуметтік желіде

No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Аймақ айшығы
  • Әріптес келбеті
  • Қоғам және заң
  • Түркістан облысы

© 2020 102 құқықтық, ақпараттық-танымдық басылым