102info.kz
  • Жаңалықтар
  • Аймақ айшығы
  • Әріптес келбеті
  • Қоғам және заң
  • Түркістан облысы
  • Байланыс
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Аймақ айшығы
  • Әріптес келбеті
  • Қоғам және заң
  • Түркістан облысы
  • Байланыс
No Result
View All Result
102info.kz
No Result
View All Result
Home Түркістан облысы

Полиция департаменті бастығының орынбасары Қ.Сахов Мемлекет басшысының тапсырмасын іске асыру мақсатында маңызды жиналыс өткізді

13 мая, 2022
0
Полиция департаменті бастығының орынбасары Қ.Сахов Мемлекет басшысының тапсырмасын іске асыру мақсатында маңызды жиналыс өткізді

Түркістан облысы Полиция департаменті бастығының орынбасары полиция полковнигі Құрманбек Саховтың төрағалығымен мәжіліс залында, мал ұрлығының алдын алу іс-шарасын күшейту мақсатында маңызы зор кездесу өткізілді. Аталған шараға Ветеринариялық бақылау және қадағалау Комитетінің Түркістан облыстық аумақтық инспекциясының басшысы Т.Елекеев пен  Ветеринарлық бөлім бастығы Б.Омаров қатысты.

Күн тәртібінде, мал ұрлығына тосқауыл қою, үй жануарларының қатысуымен болатын жол-көлік апаттарын болдырмау мәселесі көтеріліп, қатысушылар өзара пікір алмасты. Яғни «Ауылшаруашылығы жануарларын сәйкестендіру» деректер базасын өзектендіру, тасымалданатын малға ветеринариялық құжатты тапсыру тәртібі, стационарлық ветеринариялық бекеттерді құру мәселесін қарау, сонымен қатар «ҚР ІІМ-нің ұрлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі 2019-2023 жылдарға арналған бағдарламасының Түркістан аумағында іске асырылу кең көлемде талқыланды.

Жиында полиция полковнигі Қ.Сахов: «Жыл басынан бері облыста 72 мал ұрлығы тіркеліп, қылмыстың тіркелуі 44,6 пайызға төмендеді. Ал 72 мал ұрлығының 27-сі қора-жайдан болса, 45 дерегі жайылымнан ұрланған. Яғни жалпы алғанда тұрғындардың 360 бас малы ұрының қолына түскен. Осы жылда 1700-ден астам мал тиелген жүк көліктері тексерілді. Соның нәтижесінде 336 үй жануары құжаттары болмағаны және сырғаланбағаны бойынша анықталып, бұл жайт ҚР ӘҚБтК-нің 406-бабымен тіркелді. Бүгінде жинақталған іс құжаттар заңды шешім қабылдану үшін ветеринария инспекциясына жолданды».

Өзекті мәселе бойынша ұйымдасқан келелі кездесудің соңында Қ.Сатымбекұлы, мал ұрлығын азайту мен болдырмаудағы ұсыныстарын жеткізді. Яғни ұрлықтарды ашуға септігін тигізетін техникалар (бейнебақылау) санын арттыру, малдардың қараусыз жайылу мәселесін бірлесіп шешу, халықпен кездесулерде айтылған сын-ескертпелер бойынша жұмыс жасау, «үшжақты келісім-шарт» жобасын одан ары жандандырып, жалғастыру, мал тасымалдаушы, сатушы басқа да осы іске қатысы бар тұлғалардың тасымалдау тәртібінің талаптарының орындалуын тексеру.

Осылайша облысымыздағы мал ұрлығының алдын алып, ұрылардың жолын кесу мақсатында ұйымдастырылған шарада жиналғандар осы жылдың қыркүйегінде тағы да кездесіп, жұмыс нәтижесімен бөлісуге уағдаласты.

ShareTweetPin
Next Post
Полицейлер ауласына көкнәр еккен егде жастағы әйелді ұстады

Полицейлер ауласына көкнәр еккен егде жастағы әйелді ұстады

Полицейлер ғашығының туған күніне сыйлық жасау үшін ұрлыққа барған күдіктіні ұстады

Полицейлер ғашығының туған күніне сыйлық жасау үшін ұрлыққа барған күдіктіні ұстады

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Online оқи жүріңіз!

Currently Playing

Ең көп қаралғаны

  • Түркістан қаласында 5 адамның өліміне қатысы бар екі ЖШС-ның директоры 4 жылға бас бостандықтарынан айырылды

    Түркістан қаласында 5 адамның өліміне қатысы бар екі ЖШС-ның директоры 4 жылға бас бостандықтарынан айырылды

    0 shares
    Share 0 Tweet 0
  • Түркістан облысының полицейлері екінші рет мас халде көлік басқарған жүргізушіні ұстады

    0 shares
    Share 0 Tweet 0
  • Полицейлер рейдтік шара кезінде кеурек өсімдігін қазған 51 шетелдікті анықтады

    0 shares
    Share 0 Tweet 0
  • Түркістан қаласында орнатылған бірқатар бейнебақылау камералары 1 наурыздан бастап іске қосылмақ

    0 shares
    Share 0 Tweet 0
  • Су қоймада жанжал көтерген азаматтан пышақ тәркіленіп алынды.

    0 shares
    Share 0 Tweet 0

Басылым жайлы

Меншік иесі: "ЖК Туганбаев Б."

Бас редактор: Базаркүл Ақынқызы


Мекенжай:

Шымкент қаласы,16 ықшам ауданы,20-үй,6-пәтер

e-mail:arnat20@mail.ru

Мұрағат

  • Февраль 2024
  • Июль 2023
  • Май 2023
  • Апрель 2023
  • Март 2023
  • Февраль 2023
  • Январь 2023
  • Декабрь 2022
  • Ноябрь 2022
  • Октябрь 2022
  • Сентябрь 2022
  • Август 2022
  • Июль 2022
  • Июнь 2022
  • Май 2022
  • Апрель 2022
  • Март 2022
  • Февраль 2022
  • Январь 2022
  • Декабрь 2021
  • Ноябрь 2021
  • Октябрь 2021
  • Сентябрь 2021
  • Август 2021
  • Июль 2021
  • Июнь 2021
  • Май 2021
  • Апрель 2021
  • Март 2021
  • Февраль 2021
  • Январь 2021
  • Декабрь 2020
  • Ноябрь 2020
  • Октябрь 2020
  • Сентябрь 2020
  • Май 2020
  • Апрель 2020

Біз әлеуметтік желіде

No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Аймақ айшығы
  • Әріптес келбеті
  • Қоғам және заң
  • Түркістан облысы

© 2020 102 құқықтық, ақпараттық-танымдық басылым