Биыл Ұлы Отан соғысының жеңіс күніне 77 жыл толып отыр. Айтулы мереке қарсаңында Түркістан облысының Полиция департаменті Кадр саясаты басқармасы бастығы полиция полковнигі Мақсат Асқаров, ТО Ардагерлер кеңесінің төрағасы Оспанғазы Жанқожаев және Кадр саясаты басқармасы бастығының орынбасары полиция полковнигі Ерлан Шамшат «Болашақ» мектеп-гимназиясының оқушыларымен кездесу ұйымдастырды. Шараның мақсаты – Ұлы Отан соғысына қатысқандарға құрмет көрсетіп, олардың ерлігін ұлықтау, отансүйгіштік қасиетті жастардың бойына сіңіру.
Шара барысында тәртіп сақшылары оқушыларға қалада орналасқан Жеңіс саябағындағы «Ер есімі – ел есінде» монументінің не үшін қойылғандығын түсіндірді. Полицейлер оларға өткен тарихты, ерлердің ерлік ісін ұмытпау керектігін дәріптеп, кешегі өткен Ұлы Отан соғысының аяқталып, жеңіс туының желбірегеніне 77 жыл толғанын айтты. Жарты ғасырға жуық уақыт өтсе де, кеудеде сол қаралы жылдардың ізі қалғанын алға тартты. Соғыста ел мен жер үшін отқа түскен жауынгерлерге жеке-жеке тоқталып, олардың ерліктерін баяндады. Полицейлер оқушылардың көптеген сұрақтарына толыққанды жауап берді. Кездесуге келгендер Ұлы Отан соғысы ардагерлеріне және соғыста қаза тапқан ерлердің құрметіне тағзым етті. Сонымен қатар оқушыларды алда келе жатқан мерекемен құттықтап, оларға бабаларымыздың осы ерліктері бүгінгі ұрпаққа үлгі-өнеге болуы тиіс екендігін ескерте кетті. Салтанатты шараға келгендер көтеріңкі көңіл-күймен қайтты.




