102info.kz
  • Жаңалықтар
  • Аймақ айшығы
  • Әріптес келбеті
  • Қоғам және заң
  • Түркістан облысы
  • Байланыс
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Аймақ айшығы
  • Әріптес келбеті
  • Қоғам және заң
  • Түркістан облысы
  • Байланыс
No Result
View All Result
102info.kz
No Result
View All Result
Home Түркістан облысы

Түркістанда жалған нөмірмен жүрген «Toyota Land Cruiser» көлігі мен айыппұлы 1,1 миллион теңгеден асқан 16 автокөлік анықталды

11 мая, 2022
0
Түркістанда жалған нөмірмен жүрген «Toyota Land Cruiser» көлігі мен айыппұлы 1,1 миллион теңгеден асқан 16 автокөлік анықталды

Түркістанда жол ережесін жиі бұзатын жүргізушілерді анықтайтын жаңа «Қорғау — Қауіпті жүргізуші» бағдарламасы іске қосылды. Естеріңізге сала кетсек, бұл қосымша патрульдік полицейге жақын маңда жол ережесін бұзған немесе көлігіне жалған нөмірлер орнатқан заңбұзушыларды көрсетіп отырады. Сондай-ақ айыппұлы төленбеген, сақтандыру, техникалық байқаудан өтпеген немесе іздеуде жүрген автокөлік жүргізушісі жайлы хабардар етеді. Осылайша жол қозғалысын қадағалау кезінде полицияға, құқықбұзушылықтың алдын алуға кәдімгідей мүмкіндік береді.

Аталған жаңа бағдарлама іске қосылғалы, Түркістан облысының орталығында 1 апта ішінде жол ережесін бұзған 60-қа жуық автокөлік анықталып, айыптұраққа жеткізілген. Олардың ішінде түрлі жол ережесін бұзған – 27 автокөлік, мiндеттi сақтандырудан өтпеген – 6 автокөлік, мiндеттi техникалық қарап-тексеруден өтпеген — 8 автокөлік анықталып отыр. Одан бөлек айыппұлы төленбеген –16 автокөлік анықталып, олардың айыппұлы 1,1 миллион теңгеден асып кеткені белгілі болды. Ал көрiнеу жалған немесе қолдан жасалған мемлекеттiк тiркеу нөмiрi бар көлiк құралын басқару бойынша 1 жайт анықталып, жүргізушіге тиісті шара көрілген.

Нақтырақ айтсақ,  патрульдеуге шыққан Түркістан қаласы полицейлерінің планшетіне, Төлеби көшесі бойында көлігіне жалған мемлекеттік тіркеу нөмірін тағып алған «Toyota Land Cruiser» автокөлігінің жүргені туралы ақпарат түседі. Осы бойынша бірден іске кіріскен полицейлер,  көлігіне жалған нөмiр қойып алған жүргізушінің соңынан жетіп, оны жауапқа тартты. Анықталғандай, орта жас шамасындағы жергілікті тұрғын өзінің «УАЗ-315195» маркалы көлігіне тиесілі нөмірді, «Toyota Land Cruiser»-ге орнатып алған. Аталған жүргізушіге ҚР ӘҚБтК-ның 590-бабы 4-бөлігімен «Көрiнеу жалған немесе қолдан жасалған мемлекеттiк тiркеу нөмiрi белгiлерi (белгiсi) бар көлiк құралын басқару»  әкімшілік хаттама толтырылды.    Көлік айыптұраққа қойылды.

Айта кететін жайт, әрбір жүргізуші өзімен қатар, өзгенің де өміріне қауіп төндірмес үшін жол ережесін мұқият сақтап, қажетті құжаттарын заңға сәйкес реттеп, түгелдеп жүруі тиіс. Расымен, жыл сайын республика жолдарында 2000-нан астам адамның жол-көлік оқиғалары салдарынан көз жұматыны анықталған. Осы орайда жол-көлік оқиғалары мен бірқатар жол қозғалысы ережелерін бұзушылардың санын азайту мақсатында, аталмыш жаңа «Қорғау-қауіпті жүргізуші» бағдарламасы іске қосылғанын атап өткізіміз келеді.

ShareTweetPin
Next Post
Түркістан облысына іссапармен ҚР Ішкі істер министрінің бірінші орынбасары келіп, арнайы жиналыс өткізді

Түркістан облысына іссапармен ҚР Ішкі істер министрінің бірінші орынбасары келіп, арнайы жиналыс өткізді

Полицейлер кәсіпкерлікті қолдау қорынан 13 000 000 теңге алып беремін деп алаяқтық жасаған жас қызды анықтады

Полицейлер кәсіпкерлікті қолдау қорынан 13 000 000 теңге алып беремін деп алаяқтық жасаған жас қызды анықтады

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Online оқи жүріңіз!

Currently Playing

Ең көп қаралғаны

  • Түркістан қаласында 5 адамның өліміне қатысы бар екі ЖШС-ның директоры 4 жылға бас бостандықтарынан айырылды

    Түркістан қаласында 5 адамның өліміне қатысы бар екі ЖШС-ның директоры 4 жылға бас бостандықтарынан айырылды

    0 shares
    Share 0 Tweet 0
  • Түркістан облысының полицейлері екінші рет мас халде көлік басқарған жүргізушіні ұстады

    0 shares
    Share 0 Tweet 0
  • Полицейлер рейдтік шара кезінде кеурек өсімдігін қазған 51 шетелдікті анықтады

    0 shares
    Share 0 Tweet 0
  • Түркістан қаласында орнатылған бірқатар бейнебақылау камералары 1 наурыздан бастап іске қосылмақ

    0 shares
    Share 0 Tweet 0
  • Су қоймада жанжал көтерген азаматтан пышақ тәркіленіп алынды.

    0 shares
    Share 0 Tweet 0

Басылым жайлы

Меншік иесі: "ЖК Туганбаев Б."

Бас редактор: Базаркүл Ақынқызы


Мекенжай:

Шымкент қаласы,16 ықшам ауданы,20-үй,6-пәтер

e-mail:arnat20@mail.ru

Мұрағат

  • Февраль 2024
  • Июль 2023
  • Май 2023
  • Апрель 2023
  • Март 2023
  • Февраль 2023
  • Январь 2023
  • Декабрь 2022
  • Ноябрь 2022
  • Октябрь 2022
  • Сентябрь 2022
  • Август 2022
  • Июль 2022
  • Июнь 2022
  • Май 2022
  • Апрель 2022
  • Март 2022
  • Февраль 2022
  • Январь 2022
  • Декабрь 2021
  • Ноябрь 2021
  • Октябрь 2021
  • Сентябрь 2021
  • Август 2021
  • Июль 2021
  • Июнь 2021
  • Май 2021
  • Апрель 2021
  • Март 2021
  • Февраль 2021
  • Январь 2021
  • Декабрь 2020
  • Ноябрь 2020
  • Октябрь 2020
  • Сентябрь 2020
  • Май 2020
  • Апрель 2020

Біз әлеуметтік желіде

No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Аймақ айшығы
  • Әріптес келбеті
  • Қоғам және заң
  • Түркістан облысы

© 2020 102 құқықтық, ақпараттық-танымдық басылым