102info.kz
  • Жаңалықтар
  • Аймақ айшығы
  • Әріптес келбеті
  • Қоғам және заң
  • Түркістан облысы
  • Байланыс
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Аймақ айшығы
  • Әріптес келбеті
  • Қоғам және заң
  • Түркістан облысы
  • Байланыс
No Result
View All Result
102info.kz
No Result
View All Result
Home Әріптес келбеті

4 жылдан бері ораза ұстаймын, қара жорға биін де үйреніп алдым — Михаил Крокус

3 мая, 2022
0
4 жылдан бері ораза ұстаймын, қара жорға биін де үйреніп алдым — Михаил Крокус

Жолдастары мен таныстары Михаилді Мәди деп атап кеткен. Ол «Қаражорға» биін өзінің қызығушылығымен меңгеріпті. Теледидардан кәсіби бишілердің іс-қимылан қарап отырып үйренген. Ал, қазақ тілін өскен ортасы қалыптастырған. Кішкентайынан қазақ отбасының балаларымен дос болған ол, бірге ойнап, балалық шақты бірге өткізген. «1998 жылы дүниеге келдім. 9-сыныпқа дейін Леңгір қаласындағы қазақ мектебінде білім алдым. Ал, кейіннен Арысқа қоныс аударып, осындағы орта мектепті бітірдім. Қазір екі тілде де еркін сөйлеймін», — дейді ол. Михаил Крокус — ІІМ-ге қарасты Алматы академиясының түлегі. Еңбек жолын Арыс қалалық полиция бөлімінде «жедел әрекет ету» бөлімінде бастаған. Ал, қазір учаскелік полиция инспекторы қызметін абыроймен атқарып жүр.

«Аумағымда 3000-ға жуық халық бар. Мектеп, тойхана, дүкен және өзге де әлеуметтік нысандар мен кәсіпкерлік құрылымдар орналасқан. Таңертең ертемен көшені аралап, ақсақалдармен кездесемін. Қоғамдық тыныштықты сақтау мақсатында қызмет етіп келемін», — дейді лейтенант. Михайл бір жыл ішінде 10-ға жуық қылмыстың ашылуына ұйытқы болыпты. Мәселен, үйіне ұры түскен тұрғынның арызымен жұмыс істеп, сол күні ашыпты. Базардағы орын алған ұрлық жайты бойынша да дереу әрекет етіп, күдіктіні көп ұзамай қолға түсірген. Сондай-ақ, Михаил мәдени спорттық іс-шараларға да үнемі қатысып отырады. Облыстық «Парасатты полицей» байқауында бас жүлдені жеңіп алған ол, республикалық сайыста үшінші орынды еншілепті.

«Жуырда Астана қаласында өткен «Татулық – тәуелсіздіктің тірегі» атты республикалық сайысқа қатыстым. Мемлекеттік тілді меңгерген өзге ұлт өкілдеріне қолдау көрсету, мемлекеттік тілді насихаттаумен қатар ішкі істер органдарында тілдік ортаны қалыптастыру мақсатында өткен байқауға 19 полиция қызметкері қатысты. Сонда өзім шығарған өлеңмен таныстыруымды айтып, қаражорға биледім. Көрермен көз айымына айналып, ІІМ «Алғыс хатымен» марапатталдым», — дейді ол. Жуырда Михаил отбасын құрды. Бүгінде жұбайы Айдана екеуі алғашқы сәбилерін күтіп отыр

ShareTweetPin
Next Post
Бәйдібек ауданы полиция қызметкерлері, жалғыз басты анаға қайырымдылық көрсетті

Бәйдібек ауданы полиция қызметкерлері, жалғыз басты анаға қайырымдылық көрсетті

Шардаралық полицейлер «Абайлаңыз, балалар!» профилактикалық іс-шарасын өткізді

Шардаралық полицейлер «Абайлаңыз, балалар!» профилактикалық іс-шарасын өткізді

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Online оқи жүріңіз!

Currently Playing

Ең көп қаралғаны

  • Түркістан қаласында 5 адамның өліміне қатысы бар екі ЖШС-ның директоры 4 жылға бас бостандықтарынан айырылды

    Түркістан қаласында 5 адамның өліміне қатысы бар екі ЖШС-ның директоры 4 жылға бас бостандықтарынан айырылды

    0 shares
    Share 0 Tweet 0
  • Түркістан облысының полицейлері екінші рет мас халде көлік басқарған жүргізушіні ұстады

    0 shares
    Share 0 Tweet 0
  • Полицейлер рейдтік шара кезінде кеурек өсімдігін қазған 51 шетелдікті анықтады

    0 shares
    Share 0 Tweet 0
  • Түркістан қаласында орнатылған бірқатар бейнебақылау камералары 1 наурыздан бастап іске қосылмақ

    0 shares
    Share 0 Tweet 0
  • Су қоймада жанжал көтерген азаматтан пышақ тәркіленіп алынды.

    0 shares
    Share 0 Tweet 0

Басылым жайлы

Меншік иесі: "ЖК Туганбаев Б."

Бас редактор: Базаркүл Ақынқызы


Мекенжай:

Шымкент қаласы,16 ықшам ауданы,20-үй,6-пәтер

e-mail:arnat20@mail.ru

Мұрағат

  • Февраль 2024
  • Июль 2023
  • Май 2023
  • Апрель 2023
  • Март 2023
  • Февраль 2023
  • Январь 2023
  • Декабрь 2022
  • Ноябрь 2022
  • Октябрь 2022
  • Сентябрь 2022
  • Август 2022
  • Июль 2022
  • Июнь 2022
  • Май 2022
  • Апрель 2022
  • Март 2022
  • Февраль 2022
  • Январь 2022
  • Декабрь 2021
  • Ноябрь 2021
  • Октябрь 2021
  • Сентябрь 2021
  • Август 2021
  • Июль 2021
  • Июнь 2021
  • Май 2021
  • Апрель 2021
  • Март 2021
  • Февраль 2021
  • Январь 2021
  • Декабрь 2020
  • Ноябрь 2020
  • Октябрь 2020
  • Сентябрь 2020
  • Май 2020
  • Апрель 2020

Біз әлеуметтік желіде

No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Аймақ айшығы
  • Әріптес келбеті
  • Қоғам және заң
  • Түркістан облысы

© 2020 102 құқықтық, ақпараттық-танымдық басылым