102info.kz
  • Жаңалықтар
  • Аймақ айшығы
  • Әріптес келбеті
  • Қоғам және заң
  • Түркістан облысы
  • Байланыс
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Аймақ айшығы
  • Әріптес келбеті
  • Қоғам және заң
  • Түркістан облысы
  • Байланыс
No Result
View All Result
102info.kz
No Result
View All Result
Home Әріптес келбеті

Ержан Абенов: «Адам өмірде өкінбейтін іс жасау керек.»

22 апреля, 2022
0
Ержан Абенов: «Адам өмірде өкінбейтін іс жасау керек.»

Жалпы адам баласы өзінің болашағына түрлі жоспарлар құрып, бала кезден кім болатынын айқындайды. Біреулердің өсе келе жолдары басқа арнаға ауып кетеді, кейбіреулері сол  тұрақтылығын сақтап қалады.  Біздің кейіпкеріміз қанша бұралаң жолдармен жүріп өтседе бағытынан жаңылмағандардың қатарынан. Ол ештен кеш жақсы екенін дәлелдеп, 32 жасында полицей атанған Түркістан облысы Полиция департаменті Жетісай аудандық полиция бөлімі Анықтау бөлімшесінің анықтаушысы полиция лейтенанты Ержан Адырбекұлы Абенов.

Ержан Жетісай қаласында туып өсіп, мектепті де сонда бітірген. Өзі құқық қорғау саласында қызмет етуді жастайынан армандап жүрген көрінеді. Сол үшін тіпті құқықтану мамандығын таңдап, Шымкент Университетін ойдағыдай тәмамдап шыққан. Алайда түрлі себептермен полицей боламын деген мақсаты кейінге шегеріліп, түрлі мекемелерде заңгер мамандығымен қызмет атқарған. Өз мамандығын кәсіби түрде меңгеріп шыққан  Ержан қай жұмысты да бірден дөңгелетіп әкетуге икемді болды. Бірақ түпкі мақсаты басқа болатын. Міне  сол мақсатынан айнымаған  талапшыл жігіт 2021 жылы иығына шен тағып, Жетісай аудандық полиция бөліміне қызметке орналасты.

-«Мен оқу бітірген соң энергетика саласында қарымды еңбек еттім. Тіпті заңгер болып жүріп, инженер дәрежесіне дейін көтерілдім. Бірақ оқуға алғаш түскен күннен-ақ  келешек құқық қорғау саласында қызмет етуім керектігін  өз-өзіме шегелеп тұрып   міндеттеген  болатынмын. Себебі әр адамның таңдауы бар, мен де өз өмірімді полиция қызметімен байланыстырдым. Жасым 30-дан асса да әлі де кеш емес екенін түсініп, алдағы күндерімде өкініп өтпеу үшін тәуекел деп іске кірістім. Содан осы тәуекелшілдігім мені мұратыма жеткізіп, мінеки полицей формасында алдарыңызда отырмын».

Алғаш қызметін учаскелік инспекторы болып  бастаған ол  нәтижелі жұмыс өрнегін көрсетті. Қызметке  құлшынысы ерекше екені байқалып, әріптестерімен де сыйластығы арта түсті. Туған жерге, елге қызмет етемін деген тынымсыз еңбегінің арқасында көп ұзамай   Анықтау бөлімшесінің білікті маманына айналып шыға келді. Жұмыс әрине оңай емес, дегенмен өз саласына қызығушылығы бар жанға ештеңеде кедергі бола алмайтыны мәлім.

Осылай шабыттанып жұмысқа кірісетін анықтаушы Ержан: « Қай кезде болмасын өмірің өз қолыңда. Қалағаныңа қол жеткіземін десең біраз тер төгуге тура келеді. Ешқашан берілуге, кеш қалдым деп қолды бір сілтей салуға болмайды. Себебі сен қабылдаған шешім, түбегейлі өміріңді  өзгертіп жіберуі мүмкін. Өзіңнің  келешек өкініп қалуыңа жол бермеу керек.  Бұл  өткен өмірімнен жинаған тәжірибем. Полицей боламын деп бекіндім, әрекет жасадым, нәтижесін көрдім. Ары қарайғы міндетім осы  халыққа қызмет ету.  Адамның адалдығын дәлелдейтін  жасаған ісі, еңбегін танытатын артына қалдырған ізі екені анық. Ендігі мақсат  осы бағыттан жаңылмай  қазақ полициясына  үлес қосып,  дара даңғыл жолымды салып кету»,-дейді полиция лейтенанты.

Бүгінде Ержан 1 қыз бен1 ұлдың әкесі, түтіні түзу шыққан  шаңырақтың отағасы болып отыр. Лейтенантқа мерейің үстем болып, дәрежең күннен-күнге биіктей берсін демекпіз. Қызметке деген тұрақтылығыңнан танбай, осындай тәуекелшіл қалпыңнан айныма еңбекқор сақшы!

ShareTweetPin
Next Post
Полицейлер алаяқтықпен айналысқан күдіктілерді анықтады

Полицейлер алаяқтықпен айналысқан күдіктілерді анықтады

Түркістан облысының  полицейлері велосипед ұрлаған 2 жас жігітті   ұстады

Түркістан облысының полицейлері велосипед ұрлаған 2 жас жігітті ұстады

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Online оқи жүріңіз!

Currently Playing

Ең көп қаралғаны

  • Түркістан қаласында 5 адамның өліміне қатысы бар екі ЖШС-ның директоры 4 жылға бас бостандықтарынан айырылды

    Түркістан қаласында 5 адамның өліміне қатысы бар екі ЖШС-ның директоры 4 жылға бас бостандықтарынан айырылды

    0 shares
    Share 0 Tweet 0
  • Түркістан облысының полицейлері екінші рет мас халде көлік басқарған жүргізушіні ұстады

    0 shares
    Share 0 Tweet 0
  • Полицейлер рейдтік шара кезінде кеурек өсімдігін қазған 51 шетелдікті анықтады

    0 shares
    Share 0 Tweet 0
  • Түркістан қаласында орнатылған бірқатар бейнебақылау камералары 1 наурыздан бастап іске қосылмақ

    0 shares
    Share 0 Tweet 0
  • Су қоймада жанжал көтерген азаматтан пышақ тәркіленіп алынды.

    0 shares
    Share 0 Tweet 0

Басылым жайлы

Меншік иесі: "ЖК Туганбаев Б."

Бас редактор: Базаркүл Ақынқызы


Мекенжай:

Шымкент қаласы,16 ықшам ауданы,20-үй,6-пәтер

e-mail:arnat20@mail.ru

Мұрағат

  • Февраль 2024
  • Июль 2023
  • Май 2023
  • Апрель 2023
  • Март 2023
  • Февраль 2023
  • Январь 2023
  • Декабрь 2022
  • Ноябрь 2022
  • Октябрь 2022
  • Сентябрь 2022
  • Август 2022
  • Июль 2022
  • Июнь 2022
  • Май 2022
  • Апрель 2022
  • Март 2022
  • Февраль 2022
  • Январь 2022
  • Декабрь 2021
  • Ноябрь 2021
  • Октябрь 2021
  • Сентябрь 2021
  • Август 2021
  • Июль 2021
  • Июнь 2021
  • Май 2021
  • Апрель 2021
  • Март 2021
  • Февраль 2021
  • Январь 2021
  • Декабрь 2020
  • Ноябрь 2020
  • Октябрь 2020
  • Сентябрь 2020
  • Май 2020
  • Апрель 2020

Біз әлеуметтік желіде

No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Аймақ айшығы
  • Әріптес келбеті
  • Қоғам және заң
  • Түркістан облысы

© 2020 102 құқықтық, ақпараттық-танымдық басылым