102info.kz
  • Жаңалықтар
  • Аймақ айшығы
  • Әріптес келбеті
  • Қоғам және заң
  • Түркістан облысы
  • Байланыс
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Аймақ айшығы
  • Әріптес келбеті
  • Қоғам және заң
  • Түркістан облысы
  • Байланыс
No Result
View All Result
102info.kz
No Result
View All Result
Home Түркістан облысы

Түркістан облысының полицейлері автокөлік із-түзсіз жоғалған иесін өлтірген күдіктілерді ұстады

21 октября, 2020
0
Түркістан облысының полицейлері автокөлік із-түзсіз жоғалған иесін өлтірген күдіктілерді ұстады

Түркістан облысы ПД криминалдық полиция қызметкерлері бір апта ішінде хабар-ошарсыз кеткен автокөлік із-түзсіз жоғалған иесін анықтап, ауыр қылмыс жасады деген күдіктіні ұстады. Ордабасы АПБ-нің кезекші бөліміне жергілікті тұрғын ағасының «Мазда-626» автокөлігімен жұмыстан шығып, әлі күнге дейін қайтып келмегені туралы арызданған. Полицейлер бұл жайтты СДТБТ-ға тіркеп, жоғалған ер адамды іздеуге кірісті-деп хабарлайды 102info.kz ақпарат агенттігі Түркістан облысы полиция департаментіне сілтеме жасап.
Шымкент қаласының шеткі аймақтарын іздестіру барысында жедел уәкілдер із-түзсіз жоғалып кеткен көлікті тауып алды. Кейіннен полицейлер жүргізушінің өртенген мәйітін Ордабасы ауданы Шұбарсу ауылының маңынан тапты. Іздестіру ісі ҚР ҚК-нің 99-бабы «кісі өлтіру» бойынша қайта сараланып, жедел-іздестіру шаралары жалғасады.
Ауыр қылмысты ашу мақсатында криминалдық полиция мен тергеудің тәжірибелі қызметкерлерінен тұратын жедел-тергеу тобы құрылды. Жедел уәкілдер қылмыс орнын мұқият тексеріп, өлтірілген адамның таныстарын, олармен қарым-қатынасы мен өмір сүрген салтын зерделеді. Жақын маңдағы аумақтарды аралап, куәгерлермен сұхбаттасып, қажетті ақпараттарды жинақтады.
Бір аптадан кейін жедел-іздестіру іс-шараларының нәтижесінде Түркістан облысы ПД криминалдық полиция қызметкерлері Ордабасы АПБ және «Бүркіт» арнайы жасағымен бірге Жамбыл облысынан келе жатқан бағыттағы күдіктілері бар «ВАЗ» автокөлігін ұстады. Олар бұрын бірнеше рет сотталған Түркістан облысы мен Шымкент қаласының тұрғындары болып шықты. Төртеуі де жас жігіттер.
Тергеу барысында анықталғандай, пайдакүнемдік мақсатта жүрген күдіктілердің екеуі Шымкент қаласы көшелерінің бірінде жәбірленушінің көлігін тоқтатып, апарып тастауды сұраған. Діттеген мекен-жайға келгеннен кейін қаскүнемдер жүргізушіге шабуыл жасап, тұншықтырып, оның ұялы телефонын алып кеткен, ал мәйітті далаға шығарып өртеген. Содан кейін Шымкент қаласына қарай бет алып, көлікті адам тұрмайтын жерге апарып өртеп, қылмыс орнынан бой тасалаған. Мұнымен тоқтап қалмай, олар тағы екі серіктесімен бірге Ордабасы ауданындағы тас жолда «ВАЗ» автокөлігінің жүргізушісіне шабуыл жасап, 45 мың теңгелік барсетканы күшпен тартып алады.
Қазіргі уақытта аталған жайт бойынша ҚР ҚК-нің 99-бабы «Адам өлтіру» және 191-бабы «Тонау»бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде. Күдіктілер қамауға алынды. Полиция қызметкерлері ұсталғандардың басқа да осындай қылмыстарға қатысы бар-жоғын анықтап жатыр. Тергеу амалдары жалғасуда.

Түркістан облысы ПД баспасөз қызметі

ShareTweetPin
Next Post
Түркістан облысының  полицейлері танысының ұялы телефонын ұрлаған күдіктіні құрықтады

Түркістан облысының полицейлері танысының ұялы телефонын ұрлаған күдіктіні құрықтады

Түркістан қаласының полицейлері косметика ұрлады деген күдікпен жас қызды ұстады

Түркістан қаласының полицейлері косметика ұрлады деген күдікпен жас қызды ұстады

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Online оқи жүріңіз!

Currently Playing

Ең көп қаралғаны

  • Түркістан қаласында 5 адамның өліміне қатысы бар екі ЖШС-ның директоры 4 жылға бас бостандықтарынан айырылды

    Түркістан қаласында 5 адамның өліміне қатысы бар екі ЖШС-ның директоры 4 жылға бас бостандықтарынан айырылды

    0 shares
    Share 0 Tweet 0
  • Түркістан облысының полицейлері екінші рет мас халде көлік басқарған жүргізушіні ұстады

    0 shares
    Share 0 Tweet 0
  • Полицейлер рейдтік шара кезінде кеурек өсімдігін қазған 51 шетелдікті анықтады

    0 shares
    Share 0 Tweet 0
  • Түркістан қаласында орнатылған бірқатар бейнебақылау камералары 1 наурыздан бастап іске қосылмақ

    0 shares
    Share 0 Tweet 0
  • Су қоймада жанжал көтерген азаматтан пышақ тәркіленіп алынды.

    0 shares
    Share 0 Tweet 0

Басылым жайлы

Меншік иесі: "ЖК Туганбаев Б."

Бас редактор: Базаркүл Ақынқызы


Мекенжай:

Шымкент қаласы,16 ықшам ауданы,20-үй,6-пәтер

e-mail:arnat20@mail.ru

Мұрағат

  • Февраль 2024
  • Июль 2023
  • Май 2023
  • Апрель 2023
  • Март 2023
  • Февраль 2023
  • Январь 2023
  • Декабрь 2022
  • Ноябрь 2022
  • Октябрь 2022
  • Сентябрь 2022
  • Август 2022
  • Июль 2022
  • Июнь 2022
  • Май 2022
  • Апрель 2022
  • Март 2022
  • Февраль 2022
  • Январь 2022
  • Декабрь 2021
  • Ноябрь 2021
  • Октябрь 2021
  • Сентябрь 2021
  • Август 2021
  • Июль 2021
  • Июнь 2021
  • Май 2021
  • Апрель 2021
  • Март 2021
  • Февраль 2021
  • Январь 2021
  • Декабрь 2020
  • Ноябрь 2020
  • Октябрь 2020
  • Сентябрь 2020
  • Май 2020
  • Апрель 2020

Біз әлеуметтік желіде

No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Аймақ айшығы
  • Әріптес келбеті
  • Қоғам және заң
  • Түркістан облысы

© 2020 102 құқықтық, ақпараттық-танымдық басылым