Жетісай АПБ-не жергілікті тұрғын арызданған-деп хабарлайды 102info.kz ақпарат агенттігі Түркістан облысы полиция департаментіне сілтеме жасап.
Онда өзі жұмыс жасайтын шаштаразға танысы келіп, «қоңырау шалып алсам бола ма?» — деп, ұялы телефонын алып, қайтармағанын көрсеткен. Жәбірленушіге келтірілген жалпы шығын көлемі 100 мың теңге.
Аталған жайт ҚР ҚК-нің 190-бабы «Алаяқтық» бойынша тіркелді. Осы оқиғаға байланысты тәжірибелі полицейлер жұмылдырылып, жедел-іздестіру шараларына кіріскен. Нәтижесінде тәртіп сақшылары күдіктінің тұрғылықты мекен-жайын анықтап, тәулік ішінде қолға түсірді. Ол ұрланған ұялы телефонды сатып, ақшасын бас пайдасына жұмсауды ойлаған. Алайда қулығы іске аспады. Қазіргі таңда айғақты зат ретінде ұялы телефон тәркіленіп, заңды иесіне қайтарылды. Күдіктінің бас шарасы келу туралы міндеттеме.
Өз кезегінде Түркістан облысының тәртіп сақшылары азаматтарға мұқият болуға және қажетті сақтық шараларын үнемі сақтап жүруге шақырады. Ұялы телефон мен басқа да құндылықтарды жабық сөмкелерде немесе киімнің ішкі қалтасында сақтау керек. Телефонды бөтен адамдарға бермеңіз және қараусыз қалдырмаңыз. Әсіресе, түнгі уақытта телефонды дыбыссыз режимге ауыстырып қою маңызды, себебі қоңырау әуені қылмыскердің назарын аудартуы мүмкін. Қоғамдық орындарда, адамдар көп шоғырланған жерлерде ұялы телефонды қолда ұстап жүру немесе қалтаға салып ұстау өте маңызды. Сонымен қатар, ашық қалған автокөліктің салонында аз ғана уақытқа болса да тастап кетуге болмайды.
Егерде сіз қандайда бір осы іспетті қылмыстық оқиғаның куәгері немесе құрбаны болсаңыз, полицияның «102» нөміріне қоңырау шалыңыз.
ТО ПД-нің баспасөз қызметі




