Президентіміз Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Жаңа Қазақстан: жаңару мен жаңғыру жолы» атты Жолдауында, қоғамдағы зорлық-зомбылық деңгейін төмендету үшін жүйелі шаралар қабылдану керектігі айтылды. Ал Түркістан облысының полицейлері отбасында орын алатын тұрмыстық қатынастармен күресуді күн тәртібінен түсірген емес.



Осы мақсатта түркістандық Әйелдерді зорлық-зомбылықтан қорғау тобының иснпекторлары Түркістан облысы Полиция деапратментінің Азаматтарды қабылдау кеңсесінде «Ашық есік» күнін өткізді.
Іс-шараға 10-ға тарта қыз-келіншек келіп, полицейлерге өздерінің отбасы-тұрмыстық саласына қатысты сауалдарын қойып, ұсыныс-пікірлерін жеткізді. Яғни «Ашық есік» күніне келген 5 әйелге психологиялық-құқықтық кеңес беріліп, 2 әйелдің жұбайларына қатысты қылмыстық іс қозғау шаралары атқарылды. Сондай-ақ отбасында жақын адамдарына зорлық-зомбылық, қысым көріп жүрген әйелдерді қорғаушы полицей арулар, түсіндіру жұмыстарын жүргізді. Тұрғындарға қысым көрген жағдайда не істеу керектігі жөнінде мәліметтер, кеңестер жазылған брошюралар таратты.
Иә, Түркістан облысындағы зорлық-зомбылықпен күресуші инспекторлар, өзекті мәселе болып тұрған «Отбасындағы тұрмыстық зорлық-зомбылық» жөнінде бірқатар ауқымды шараларды іске асыруда. Мысалы, облыста әйелдерге қарсы жасалған қылмыстар 573-тен 501-ге азайған. Әйелдермен орын алған қылмыстар 90-нан 115-ке артқан. Отбасы-тұрмыстық қатынаста жасалған қылмыстар 3-тен 5-ке көбейген. Сондықтан бүгінде аталған жайттарды азайту шаралары қарқынды атқарылуда.
Жыл басынан бері Түркістан облысы Полиция департаменті құрылымдарының учаскелік полиция инспекторларымен тұрмыста құқық бұзған 1394 тұлғаға қатысты қорғау нұсқамасы шығарылды. 236 тұлғаға қатысты мінез-құлқына сотпен ерекше талап белгіленіп, профилактикалық жұмыстар атқарылды. Құқық бұзушылыққа бейім 267 кәмелетке толмаған және бала тәрбиесіне немқұрайды қарайтын 178 ата-ана қолайсыз отбасы ретінде есепке алынды.
Осы тұста айта кетсек, егер, сіз, отбасында қандай да бір қысым көрсеңіз, зорлықтың куәсі болсаңыз, бірден 102 нөміріне немесе +7 725 33 5 85 80 сенім телефонына хабарласыңыз. Сонымен қатар Түркістан облысы «Сенім-Ай» қоғамдық бірлестігінің «Көмек» дағдарыс орталығы да тегін қызмет көрсететінін жеткіземіз. Бұл орталықтар да сізге тегін құқықтық, медициналық кеңестер беріледі. Әйелдерді және балалардың құқықтарын қорғау мәселелері бойынша «111 шұғыл қызметі» де үзіліссіз жұмыс жасайды.
Сондықтан естен шығармаңыз: сіздің әрқайсыңыздың құқығыңыз қорғалады және тиісті шаралар қабылданады».




