102info.kz
  • Жаңалықтар
  • Аймақ айшығы
  • Әріптес келбеті
  • Қоғам және заң
  • Түркістан облысы
  • Байланыс
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Аймақ айшығы
  • Әріптес келбеті
  • Қоғам және заң
  • Түркістан облысы
  • Байланыс
No Result
View All Result
102info.kz
No Result
View All Result
Home Түркістан облысы

Түркістан облысының полицейлері шанышқы қолданып, заңсыз мөңке балығын аулаған 2 браконьерді ұстады

6 апреля, 2022
0
Түркістан облысының полицейлері  шанышқы қолданып, заңсыз мөңке балығын аулаған 2 браконьерді ұстады

Су жануарларының көктемде көбейіп, уылдырық шашатын мезгілінде балық аулауға тыйым салынады. Мұндай шектеу қою жоғалып бара жатқан жануарлар мен өсімдіктерді қорғау мақсатында жасалады. Атап айтқанда балықтарды аулауға тыйым салу уақыты жыл сайын  1-сәуірден 31-мамырға дейін жалғасады.

Осыған байланысты  браконьерлердің жолын кесу мақсатында, Түркістан облысында жедел-профилактикалық жұмыстар күшейе түсті. Аталған іс-шара балық және балық өнімдерін аулау, сату, тасымалдау, сатып алу секілді құқықбұзушылықтардың алдын-алуға бағытталған. Шара бойынша Бәйдібек ауданында заңсыз балық аулау бойынша 3 әкімшілік құқықбұзушылық тіркелді — деп хабарлайды 102info.kz ақпарат агенттігі Түркістан облысы полиция департаментіне сілтеме жасап.

Мәселен бәйдібектік тәртіп сақшылары 1 тәуліктің ішінде Бөген су қоймасының шығыс беткейінде, балық аулап келе жатқан ер адамды ұстады. Ол тыйым салынған «Острога» шанышқы құралымен 6 дана мөңке балығын аулағаны белгілі болды. Осы тұрғынның әрекеті ҚР ӘҚБтК-нің 383-бабы 3-бөлігімен «Балық аулау және балық ресурстары мен басқа да су жануарларын қорғау қағидаларын бұзу» тіркеуге алынды. Бүгінде заңсыз аулаған балыққа байланысты мемлекетке келген шығын көлемі анықталуда.

Одан бөлек, рейдтік іс-шара барысында осы көрсетілген аумақта тағы бір  браконьерлік жайт анықталды. Бұл жолы да ер адам тыйым салынған «Острога» шанышқы құралымен сазан, мөңке балығын түйреп аулап келе жатқанда ұсталған. Табиғатқа залал келтірушіге қатысты ҚР ӘҚБтК-нің 383-бабы 3-бөлімінде көрсетілген әкімшілік шарасы көрілді. Балық аулау және балық ресурстары мен басқа да су жануарларын қорғау қағидаларын бұзғаны үшін, жинақталған іс- құжаттар Бәйдібек аудандық сотына жолданды. Заттай дерек ретінде күдіктілерден балық аулау құралдары, шанышқы тәркіленді.

Тәртіп сақшылары тұрғындарға балық аулау және жануарларды заңсыз аулау, жойылып кету қаупі бар өсімдіктерді жұлу заңмен қудаланатынын ескертеді.

ShareTweetPin
Next Post
Түркістан облысында әйелдерге арналған «Ашық есік» күні өткізілді

Түркістан облысында әйелдерге арналған «Ашық есік» күні өткізілді

Түркістандық полицейлер жоғары сынып оқушыларын марапаттады

Түркістандық полицейлер жоғары сынып оқушыларын марапаттады

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Online оқи жүріңіз!

Currently Playing

Ең көп қаралғаны

  • Түркістан қаласында 5 адамның өліміне қатысы бар екі ЖШС-ның директоры 4 жылға бас бостандықтарынан айырылды

    Түркістан қаласында 5 адамның өліміне қатысы бар екі ЖШС-ның директоры 4 жылға бас бостандықтарынан айырылды

    0 shares
    Share 0 Tweet 0
  • Түркістан облысының полицейлері екінші рет мас халде көлік басқарған жүргізушіні ұстады

    0 shares
    Share 0 Tweet 0
  • Полицейлер рейдтік шара кезінде кеурек өсімдігін қазған 51 шетелдікті анықтады

    0 shares
    Share 0 Tweet 0
  • Түркістан қаласында орнатылған бірқатар бейнебақылау камералары 1 наурыздан бастап іске қосылмақ

    0 shares
    Share 0 Tweet 0
  • Су қоймада жанжал көтерген азаматтан пышақ тәркіленіп алынды.

    0 shares
    Share 0 Tweet 0

Басылым жайлы

Меншік иесі: "ЖК Туганбаев Б."

Бас редактор: Базаркүл Ақынқызы


Мекенжай:

Шымкент қаласы,16 ықшам ауданы,20-үй,6-пәтер

e-mail:arnat20@mail.ru

Мұрағат

  • Февраль 2024
  • Июль 2023
  • Май 2023
  • Апрель 2023
  • Март 2023
  • Февраль 2023
  • Январь 2023
  • Декабрь 2022
  • Ноябрь 2022
  • Октябрь 2022
  • Сентябрь 2022
  • Август 2022
  • Июль 2022
  • Июнь 2022
  • Май 2022
  • Апрель 2022
  • Март 2022
  • Февраль 2022
  • Январь 2022
  • Декабрь 2021
  • Ноябрь 2021
  • Октябрь 2021
  • Сентябрь 2021
  • Август 2021
  • Июль 2021
  • Июнь 2021
  • Май 2021
  • Апрель 2021
  • Март 2021
  • Февраль 2021
  • Январь 2021
  • Декабрь 2020
  • Ноябрь 2020
  • Октябрь 2020
  • Сентябрь 2020
  • Май 2020
  • Апрель 2020

Біз әлеуметтік желіде

No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Аймақ айшығы
  • Әріптес келбеті
  • Қоғам және заң
  • Түркістан облысы

© 2020 102 құқықтық, ақпараттық-танымдық басылым