Жетісай АПБ-ның полицейлері жедел іздестіру іс-шаралары кезінде қару ұстап жүрген тұрғын анықталды. Аталған жайт бірден ҚР ҚК-нің 287-бабы «Қаруды, оқ-дәрiлердi, жарылғыш заттарды және жарылыс құрылғыларын заңсыз иемдену, беру, өткiзу, сақтау, тасымалдау немесе алып жүру» бойынша тіркелді — деп хабарлайды 102info.kz ақпарат агенттігі Түркістан облысы полиция департаментіне сілтеме жасап.
Яғни полицейлер жүргізген жедел жұмыстардың нәтижесінде күдіктіден қару мен 3 оқ-дәріні тәркілеп алды. Дәлел ретінде алынған қаруға сот-баллистикалық сараптамасы тағайындалды. Сараптама қорытындысына сәйкес тапаншаның трамватикалық қару екені белгілі болды. Күдікті өз сөзінде қаруды 2021 жылы мамыр айында Алматы қаласының көшелерінен тауып алғанын айтуда.
Қазіргі таңда аталған жайтқа байланысты сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде. Тергеу оқиғаның толық мән-жайын анықтайтын болады. Жетісай ауданының полиция қызметкерлері күдікті ер адамның басқада қылмыстық жайттарға қатысы бар-жоғын тексеруде.
Өз кезегінде полицейлер азаматтарға атыс қаруын қолданумен қылмыс жасағаны, сондай-ақ атыс қаруы мен оқ-дәрілерді заңсыз сақтағаны және өткізгені үшін қылмыстық жауапкершілік қарастырылғанын ескертеді.




