102info.kz
  • Жаңалықтар
  • Аймақ айшығы
  • Әріптес келбеті
  • Қоғам және заң
  • Түркістан облысы
  • Байланыс
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Аймақ айшығы
  • Әріптес келбеті
  • Қоғам және заң
  • Түркістан облысы
  • Байланыс
No Result
View All Result
102info.kz
No Result
View All Result
Home Түркістан облысы

Полиция генерал-майоры М.Қабденовтің бастамасымен ішкі істер органдарының 30-ға тарта ардагеріне арналған келелі кездесу ұйымдастырылды

24 марта, 2022
0
Полиция генерал-майоры М.Қабденовтің бастамасымен ішкі істер органдарының 30-ға тарта ардагеріне арналған келелі кездесу ұйымдастырылды

Бүгін Түркістан облысы Полиция департаментінің мәжіліс залында, Ұлыстың ұлы күнін мерекелеу аясында полиция генерал-майоры Мұрат Қабденовтің бастамасымен, ішкі істер органдарында оның ішінде жедел іздестіру саласында қызмет атқарған 30-ға тарта ардагерлердің қатысуымен, келелі кездесу ұйымдастырылды. Ардақты ардагерлердің қатарында А.Мухитдинов, М.Ермеков, Б.Тұрдыбеков, М.Кубелеков, Н.Қырықбаев, С.Байдуллин, Ғ.Сыздықов секілді т.б. майталман маман болған ағалар бар.

Мұндағы негізгі мақсат – үлкенге құрмет көрсету, ардагерлерді ардақтау, Наурыз мерекесі қарсаңында жас мамандардың бойына ұлттық құндылықтарымызды сіңдіру, 16 наурыздағы Мемлекет басшысының жолдауында айтылған тұстарын талқылау, сервистік полиция мен жұртқа жақын полиция қағидаты бойынша жобаларды пысықтау, қызметке байланысты аға буынмен тәжірибе алмасу.

Алғашқы құттықтау сөзін Полиция департаментінің бастығы Мұрат Қабденов айтып, ардагерлерге алғыс білдірді: «Наурыз- «жаңа күн» деген мағынаны білдіреді. Бұл күн жылдың басы. Ұлыстың ұлы күні Наурызда баршаңыздың еңбектеріңіз өнімді болып, тілектеріңіз қабыл болсын! Сіздер салған сара жол біз үшін қашанда үлгі-өнеге, құрметті ағалар! Биыл Қазақстан полициясына 30 жыл толады. Бұл аз мерзім емес. Полицияның жүйесі жаңаруда. Қазіргі таңда елімізде полиция қызметін жақсартуға бағытталған көптеген өзгерістер бар. Ең бастысы қолжетімді, ашық полиция болу жолында үлкен жұмыстар атқарылуда. Сервистік полиция жобасы да іске асырылуда.     Осы орайда сіздердей алдыңғы буын ағаларымыз тұрғанда, біз бақыттымыз деп айта аламын. Сіздердің жұмыс атқару кезіндегі тәжірибелеріңіз, ақыл-кеңестеріңіз біз үшін қашанда қажет, әрі ең құнды кітап секілді. Сіздермен бетпе-бет кездесіп, жеке құраммен тығыз байланыстыру арқылы, ұрпақтар сабақтастығын жалғағандаймыз. Аман болыңыздар! Наурыз құтты болсын!» — деп атап өтті — деп хабарлайды 102info.kz ақпарат агенттігі Түркістан облысы полиция департаментіне сілтеме жасап.

Осыдан соң аға буынды бастап келген отставкадағы полиция полковнигі Жеткерген Сүйіпбергенов ішкі істер органдарының, оның ішінде жедел іздестіру қызметі ауыр қызметтердің қатарына жататынын, полиция қызметкерлерінен шыдамдылық пен күрделі шешімдер қабылдай білуді, қылмысты ізін суытпай ашуды талап ететіндігін атап өтті.

Осылайша аға буын мен олардың ізін жалғап келе жатқан жеке құрам арасында тағылымы мол әңгімелер өрбіді.

Ардагерлер мен полицейлер ҚР Президенті Қ.Тоқаевтың «Жаңа Қазақстан: Жаңару мен жаңғыру жолы» атты Жолдауын мүлтіксіз орындау, халыққа әрқашан жәрдем беру, арыз-шағымдарды дер кезінде орындап, үш буынды модель аясында жұмыс істеу, сервистік полиция моделіне көшу бойынша атқарылып жатқан шаралар мен жобалар туралы талқылады.

Келелі кездесудің соңында ардагерлерге естелікке ТО ПД бастығы полиция генерал-майоры Мұрат Қабденовтің сый-сияпаты табыс етілді.

ShareTweetPin
Next Post
Полицейлер үйіне 1 келі  есірткіні  жасырған  тұрғынды анықтады

Полицейлер үйіне 1 келі есірткіні жасырған тұрғынды анықтады

Түркістан облысында жол-көлік оқиғасы 13%-ға төмендеген

Түркістан облысында жол-көлік оқиғасы 13%-ға төмендеген

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Online оқи жүріңіз!

Currently Playing

Ең көп қаралғаны

  • Түркістан қаласында 5 адамның өліміне қатысы бар екі ЖШС-ның директоры 4 жылға бас бостандықтарынан айырылды

    Түркістан қаласында 5 адамның өліміне қатысы бар екі ЖШС-ның директоры 4 жылға бас бостандықтарынан айырылды

    0 shares
    Share 0 Tweet 0
  • Түркістан облысының полицейлері екінші рет мас халде көлік басқарған жүргізушіні ұстады

    0 shares
    Share 0 Tweet 0
  • Полицейлер рейдтік шара кезінде кеурек өсімдігін қазған 51 шетелдікті анықтады

    0 shares
    Share 0 Tweet 0
  • Түркістан қаласында орнатылған бірқатар бейнебақылау камералары 1 наурыздан бастап іске қосылмақ

    0 shares
    Share 0 Tweet 0
  • Су қоймада жанжал көтерген азаматтан пышақ тәркіленіп алынды.

    0 shares
    Share 0 Tweet 0

Басылым жайлы

Меншік иесі: "ЖК Туганбаев Б."

Бас редактор: Базаркүл Ақынқызы


Мекенжай:

Шымкент қаласы,16 ықшам ауданы,20-үй,6-пәтер

e-mail:arnat20@mail.ru

Мұрағат

  • Февраль 2024
  • Июль 2023
  • Май 2023
  • Апрель 2023
  • Март 2023
  • Февраль 2023
  • Январь 2023
  • Декабрь 2022
  • Ноябрь 2022
  • Октябрь 2022
  • Сентябрь 2022
  • Август 2022
  • Июль 2022
  • Июнь 2022
  • Май 2022
  • Апрель 2022
  • Март 2022
  • Февраль 2022
  • Январь 2022
  • Декабрь 2021
  • Ноябрь 2021
  • Октябрь 2021
  • Сентябрь 2021
  • Август 2021
  • Июль 2021
  • Июнь 2021
  • Май 2021
  • Апрель 2021
  • Март 2021
  • Февраль 2021
  • Январь 2021
  • Декабрь 2020
  • Ноябрь 2020
  • Октябрь 2020
  • Сентябрь 2020
  • Май 2020
  • Апрель 2020

Біз әлеуметтік желіде

No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Аймақ айшығы
  • Әріптес келбеті
  • Қоғам және заң
  • Түркістан облысы

© 2020 102 құқықтық, ақпараттық-танымдық басылым