Сарыағаш АПБ-ға жергілікті тұрғынның үйінде заңсыз есірткі сақтайтыны туралы ақпарат келіп түскен.
Аталған жайт Қазақстан Республикасы ҚК-нің 296-бабы «Есірткі, психотроптық заттармен, сол тектестермен өткізу мақсатынсыз заңсыз жұмыс істеу» қылмыстық құқық бұзушылық бойынша тіркелді.
Сарыағаш АПБ-нің қызметкерлері хабар алысымен аталған мекенжайға шұғыл жетіп, тұрғын үйге тінту жұмыстарын жүргізді. Нәтижесінде күдіктінің ауласында орналасқан сарай ішінен және де үйінің жатын бөлмесінен пакетке оралған есірткі затына ұқсас затты айғақ ретінде тәркіленіп, тиісті сараптамаға жіберілді. Сараптама қорытындысына сәйкес, тәркіленген есірткінің жалпы салмағы 12 грамнан асатын «кептірілген марихуана» болып шықты.
Қазіргі таңда аталған жайтқа байланысты сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде. Алдағы уақытта полиция қызметкерлері күдікті ер адамның басқада қылмыстық жайттарға қатысы бар-жоғын анықтауда.
Өз кезегінде Түркістан облысының полиция қызметкерлері азаматтарға есірткі заттарын сақтау мен заңсыз айналымы үшін қылмыстық жауапкершілік қарастырылғанын ескертеді.




