102info.kz
  • Жаңалықтар
  • Аймақ айшығы
  • Әріптес келбеті
  • Қоғам және заң
  • Түркістан облысы
  • Байланыс
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Аймақ айшығы
  • Әріптес келбеті
  • Қоғам және заң
  • Түркістан облысы
  • Байланыс
No Result
View All Result
102info.kz
No Result
View All Result
Home Түркістан облысы

Түркістан облысында қорықшыға күш көрсеткен жас жігіттер ұсталды

15 марта, 2022
0
Түркістан облысында қорықшыға күш көрсеткен жас жігіттер ұсталды

Келес АПБ-ға Жетісай қаласының тұрғыны арызданды. Жәбірленуші қорықшының айтуынша, ол сол түні рейдтен кейін «Жібек жолы-Жетісай»  тас жолының бойында, түнгі сағат 23:00 шамасында көлігінің доңғалағы тесіліп, көмекке шақырған адамын күтіп тұрған. Осы сәтте өтіп бара жатқан «Chevrolet Chance» маркалы көлік жанына тоқтап, ішінен бірнеше ер адамдар шығып, сөзге келместен бірден  ұрып-соға жөнеледі. Осылайша бірнеше минут ішінде қорықшыға дене жарақатын салып, көлігіне материалдық шығын келтіреді. Содан күш көрсеткен жас жігіттер оқиға орнынан қаша жөнеледі. Осы сәтте қорықшы олардың арасындағы біреуін танып қояды. Соққының астында қалған ер адам бірден полицейлерге хабарлап, көмекке шақырады.

Тез арада оқиға орнына жеткен полицейлер, оқиғаның мән-жайын анықтауға кірісті. Жәбірленушіге дене жарақатын салғандарды ұстау мақсатында, жедел-іздестіру іс-шараларын  жүргізді. Жақын аумақтарды мұқият қарап шығып, куәлардан сұрастырды. Келестік тәжірибелі тәртіп сақшыларынан құрылған жедел-тергеу тобы, небары 2-3 сағаттың ішінде күдіктілердің ізіне түсіп, оларды Қызыләскер ауылынан ұстады. Белгілі болғандай, күдікті бесеу бір-бірімен сыныптас, жас жігіттер болып шықты. Аталған жайт ҚР ҚК-нің 293-бабы «Бұзақылық» бойынша тіркелді   — деп хабарлайды 102info.kz ақпарат агенттігі Түркістан облысы полиция департаментіне сілтеме жасап.

Тәртіп сақшылары күдіктілерден жауап алу барысында, олардың біріне сол күні түнде, сол жол бойында басқа біреулер тиіскен болып шықты. Содан бұл да өзінің достарын ертіп келіп, қорықшыны өзіне тиіскен адаммен шатастырып, күш көрсеткендерін жеткізді. Қазіргі таңда жәбірленушінің дене жарақатына байланысты сот-медициналық сараптама тағайындалды. Зерттеу қорытындысына қарай, заңды шешім қабылданатын болады.  Оқиғаның толық мән-жайы анықталуда.

Өз кезегінде Түркістан облысының полицейлері азаматтарға қоғамдық орында тәртіпті бұзбауға кеңес береді. Егер де, сіз, осындай оқиғалардың құрбаны немесе куәсі болсаңыз полицейлерге хабар беріңіз!

ShareTweetPin
Next Post
Түркістан облысының полицейлері базарда адасып жүрген қызды тауып, жақындарымен қауыштырды

Түркістан облысының полицейлері базарда адасып жүрген қызды тауып, жақындарымен қауыштырды

Түркістан  полицейлері көлігі бұзылып жолда қалған тұрғындарды үйлеріне жеткізіп, алғыс арқалады

Түркістан полицейлері көлігі бұзылып жолда қалған тұрғындарды үйлеріне жеткізіп, алғыс арқалады

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Online оқи жүріңіз!

Currently Playing

Ең көп қаралғаны

  • Түркістан қаласында 5 адамның өліміне қатысы бар екі ЖШС-ның директоры 4 жылға бас бостандықтарынан айырылды

    Түркістан қаласында 5 адамның өліміне қатысы бар екі ЖШС-ның директоры 4 жылға бас бостандықтарынан айырылды

    0 shares
    Share 0 Tweet 0
  • Түркістан облысының полицейлері екінші рет мас халде көлік басқарған жүргізушіні ұстады

    0 shares
    Share 0 Tweet 0
  • Полицейлер рейдтік шара кезінде кеурек өсімдігін қазған 51 шетелдікті анықтады

    0 shares
    Share 0 Tweet 0
  • Түркістан қаласында орнатылған бірқатар бейнебақылау камералары 1 наурыздан бастап іске қосылмақ

    0 shares
    Share 0 Tweet 0
  • Су қоймада жанжал көтерген азаматтан пышақ тәркіленіп алынды.

    0 shares
    Share 0 Tweet 0

Басылым жайлы

Меншік иесі: "ЖК Туганбаев Б."

Бас редактор: Базаркүл Ақынқызы


Мекенжай:

Шымкент қаласы,16 ықшам ауданы,20-үй,6-пәтер

e-mail:arnat20@mail.ru

Мұрағат

  • Февраль 2024
  • Июль 2023
  • Май 2023
  • Апрель 2023
  • Март 2023
  • Февраль 2023
  • Январь 2023
  • Декабрь 2022
  • Ноябрь 2022
  • Октябрь 2022
  • Сентябрь 2022
  • Август 2022
  • Июль 2022
  • Июнь 2022
  • Май 2022
  • Апрель 2022
  • Март 2022
  • Февраль 2022
  • Январь 2022
  • Декабрь 2021
  • Ноябрь 2021
  • Октябрь 2021
  • Сентябрь 2021
  • Август 2021
  • Июль 2021
  • Июнь 2021
  • Май 2021
  • Апрель 2021
  • Март 2021
  • Февраль 2021
  • Январь 2021
  • Декабрь 2020
  • Ноябрь 2020
  • Октябрь 2020
  • Сентябрь 2020
  • Май 2020
  • Апрель 2020

Біз әлеуметтік желіде

No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Аймақ айшығы
  • Әріптес келбеті
  • Қоғам және заң
  • Түркістан облысы

© 2020 102 құқықтық, ақпараттық-танымдық басылым